Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Атамекен

Ысқақ ата кесенесі

Басты бет - Атамекен - Азаттық үшін күрес арпалысында Хан сайлау дәстүрі қайта жаңғырды

Азаттық үшін күрес арпалысында Хан сайлау дәстүрі қайта жаңғырды

Дүйсенбі, 17 қазан 2016Қазақ этносының мемлекеттік санасын, оның күрескерлік тарихын тұтас пайымдауда. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің бұрын қарастырылмаған сипаттарына мән беру аса маңызды. Қазіргі таңда ұлттық санадағы терең өзгерістер, тәуелсіз мемлекеттің құрылымдық жүйесінің қалыптасуы, қоғамдық дамудағы тың серпіндер тарихымыздағы “ақтаңдақ” беттердің орнын толтыруды, оқиғалар мен құбылыстарды, әсіресе халықты жаппай дүр сілкінткен ұлт-азаттық көтерілістерді жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуді талап етіп отыр.

Кеңестік дәуірде қалыптасқан әлеуметтік орта жағдайы, жалған интернационализм, коммунистік әміршіл жүйе тарихшыларымыздың ұлт-азаттық көтеріліс сипатын, өзіндік ерекшелігін объективті тұрғыдан зерттеуіне кері әсер еткені белгілі. Қоғамның шектен тыс идеологияландырылуы, тапшылдық сипат, ғалымдардың ұлт-азаттық көтеріліс тари- хын біржақты, сыңаржақ тұжырымдаулар жасауына алып келді. Маркстік-лениндік методология өк- темдігі ұлттық аймақтардағы қозғалыстардың мән- маңызын төмендетіп, керісінше жалпы әлеуметтік- ұлттық қозғалыстардың тек жұмысшы табының басшылығымен ғана іске асқандығы туралы жалған қағиданы санаға сіңірді. Ал шын мәнінде ұлт- азаттық қозғалыс халық санасы өскендігінің, тәуелсіздікке ұмтылуының көрінісі болатын. Егер XIX ғасырда өрістеген ұлт-азатгық көтерілістер дәстүрлі өмір-салтын, төл құндылықтарын қорғау мүддесі орайында басталса, 1916 жылғы көтерілістің отарлық үстемдікті жоюға, ұлттық тәуелсіздікке жетуге бағытталған азаттық күресінің жаңа фаза- сы екендігі дәлелді түрде бағамдалған жоқ. Көтерілістің тұтас этностық сипаты, ұлт-азаттық мүддесі зерттеушілер назарынан тыс қалды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс барысындағы дәстүрлі қоғам атрибуттарының жаңғыруы, мемлекеттіліктің дәстүрлі формасына ұмтылу, халық санасында хандық биліктің ұлттық тәуелсіздік символы ретінде бағалануы тәрізді аспектілер әлі зерттелген жоқ. Көтері1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне –100 жыл Азаттық үшін күрес арпалысында Хан сайлау дәстүрі қайта жаңғырды Жамаладен Ибрагимов, т. ғ. к., Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мемлекет және құқық теoриясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының доценті ліс барысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт- азаттық күрес, этносаралық (орыс пен қазақ қайшылықтары, қоныс аударушы келімсектердің тым молаюына қазақ елінің наразылығы) қатынастар, дәстүрлі билік институттарының жаңғыруы тәрізді мәселелерге көп мән берілмей келеді.

 Бұл тақырыпқа қатысты жазылған еңбектерде қазақ тіліндегі деректермен қатар оқиғаларды көзімен көрген куәгерлер жазбалары, көтеріліске қатысқан сарбаздардың естеліктері, “Алаш” жетекшілерінің көзқарастары жеткілікті түрде пайдала- ныла қоймады. XIX ғасырдың соңында жандана бастаған ұлт-азаттық күресін 1916 жылғы оқиғамен сабақтастыра зерттеудің өзіне енді ғана кірісе бастағандаймыз. Осы себептерден де отандық және ресейлік тарихнамада проблема түбегейлі зерттеліп бір объективті нәтижеге қол жеткізіле алмай келеді. Көтерілістің негізгі мазмұнын, ішкі ерекшеліктерін, халықтың 1916 жылғы көңіл-күйін зерттеуге жазушыларымыздың бірсыпыра үлес қосқаны белгілі. Мысалы 1920 жылдардың соңында М. Әуезов Жетісудағы «Албан-Бұғы» көтерілісін зерттеп, «Қилы заман» романын жазды. Ал Ж. Аймауытов Баянауыл, «Алабас» көтерілісі оқиғаларын «Қартқожа» рома- нына енгізді. 1929-1930 жылдары 1916 жылға бай- таным 42 43 ланысты деректің негізін жинақтауда С. Шәріповтың еңбегі зор. Ол көтерілістің 10 жылдығы қарсаңында, одан кейін де өзі көрген оқиғаларды жинақтап, көркем тілде жазып отырды. С. Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық шығармасында 1916 жылғы оқиғалар, әсіресе Арқада құрылған хандықтар туралы өте құнды деректерді келтірді. Ұзақ жылдар бойы 1916 жылғы көтеріліс мәселесінің кеңес тарихнамасында біржақты бағалануы бұл орайдағы дерек қорының да толық жинақталмауына әсер eттi. Қазақтардың хандық билікті жаңғыртуы, ұлттар араздығы мәселелеріне жинақтаушылар мен зерттеушілердің назар аудармай айналып өтуі салда- рынан, бұл орайдағы мәліметтер тым селдір. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Жетісудағы қозғалыстың ірі ошағы болған Қарқара көтерілісінен басталып, Арқа жазығында, Торғай даласында, Қордай қыратында, Зайсан мен Алакөл алабында, Күрті бойында, Балқаш өңірінде жалғасқан ұлт бостандығы үшін өткен үлкен күрестерге ұласты. Ол қазақ халқының елдігін танытар тарихи оқиғаға айналды. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында қазақ халқы өзінің тарихи дамуы барысында жаңа кезеңге аяқ басты. Әлеуметтік-экономикалық ал- масулар, отаршылдық жүйе тәртібі ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі тіршілік шеңберінен шығуға мәжбүр етті. Қазақ қоғамында түбегейлі өзгерістер белең алды. Ресейдің капиталистік экономикалық жүйесіне тартылуына байланысты қазақ елінің жартылай көшпелі мал шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Қазақтың шұрайлы жерлерін Ресейден қоныс аударылған қарашекпендерге беру үшін жап- пай тартып алу, шаруашылықтың сан ғасырлық байырғы жүйесінің өзгеруіне алып келді. Мал өрісі тарылып, халық кедейленді, осының нәтижесінде жаңа әлеуметтік жағдайлар қалыптасты. Экономикалық мәселелер өлке өміріндегі көптеген саяси мәселелерді, оның ішінде этносаралық қайшылықтарды ушықтырды. Шаруашылық жүргізудің нақты негіздері бұзылып, мүлік теңсіздігі өсе түсті. Малдың, жердің қоғамның ауқатты бөлігінің қолына шоғырлануы, жерді пайдалану мен иеленуде тауар-ақша қатынастарының бірте-бірте неғұрлым айқын көрінуіне әкеп соқты. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында Қазақстанда үстемдік ет- кен отаршылдық жүйе қазақ халқын ұлттық мемлекетінен айырып қана қоймай, жалпы өркениет үдерісінде ұлттық негіз бойынша дербес қатысуға мүмкіндік беретін жолдардың бәрін кесіп тастады. Ұлттық мемлекет туралы мәселені көтеру былай тұрсын, оның елесін де болдырмау, қазақтарды мем- лекет қызметіне тәрбиелемеу, елдің нақты көсемдері мен жетекшілерін қудалау, т. б. осы саясаттың басты нәтижесі. Екі ғасырға созылған отарлау үдерісінде қазақ елі өзінің саяси біртұтастығынан, ел билігін жүргізу әлеуетінен, элиталық көсемдерінен айы- рылып қалды. Осы кезең ішінде мемлекеттік мүдде әбден естен шығарылып, халықтың қоғамдық ой- пікірі, белсенділігі мейлінше төмендетілді. Қазақтың қолына берілген биліктің ең жоғарғысы болыстық болған соң, нақты лидерлер ол қызметтен арланып, тек бақылаушы, кеңесші қызметін атқарды.

 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етгі. Саяси – экономикалық экспансияға қоса рухани отарлау кеңінен жүргізілді. Патша өкіметі тарапынан қазақ халқын христиан дініне кіргізу ісі белсенді түрде қолға алынып, ол империяның отарлау саясатының құрамдас бөлігіне айналдырылды. Ресей өкіметінің реакциялық саясаты халыққа білім беру саласында мейлінше айқын аңғарылды. Қазақ халқының мүдделері мен құқықтарын елемей, патша өкіметі оның руха- ни дамуын әдейі тежеп отырды. Бұл бір жағынан ислам дінінің рухани қарсылық құралы ретінде қолданылуына қозғау салды, халықтың мұсылман дініне деген сенімін күшейтті. XIX ғасырдың орта- сында елдің беті мұсылмандықка тікелей бұрылып, Орталық Қазақстанда көптеген мешіттер салынып, бастауыш діни мектептер ашылды. XX ғасырдың басында қазақ қоғамында саяси қозғалыс белсенділігі арта түсті. Оның нақты мы- салдарын 1905-1907 жылдардағы патша билігі на- зарына арналған «петициялардан», газет-жұрнал беттеріндегі мақалалардан көреміз. Бұл кездегі азаттық қозғалысы бейбіт түрде дамыды. Қазақтар өз мұқтаждарын петициялар мен өтініштер арқылы дайындап, патшаға, оның шенеуніктеріне жібере ба- стады. Қазақтың зиялы қауымы азаттыққа жетудегі күрестің парламенттік жолын ұсынып, халықтың ру- хани деңгейін көтеруге ұмтылды. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы экономикалық, рухани, саяси отарлаудың салдары, отаршылдыққа қарсы күрес тәжірибесі 1916 жылғы маусым жарлығы түрткі болған қазақ халқының ұлт- азаттық көтерілісіне ұласты. Қазақстанның басты тарихи-географиялық аумақтарын қамтыған 1916 жылғы халықтық сипаттағы көтеріліс – тек 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыстың отарлық езгідегі елге түскен ауыр салдарының көрінісі ғана емес, сонымен бірге XIX ғасырдың екінші жарты- сынан орыс-украин шаруаларын өлкеге мейлінше қаптатудан туындаған талай жылдар бойғы қысымға білдірілген қарсылық қимылы да еді. Ең шұрайлы жайылымы мен шабындығынан, қыстағынан ығыстырылып, тығырыққа тіреліп, жоқшылыққа ұрынған халық, күнкөрісі үшін амалсыздан өзгелерге жалда- нуына, кәсібін өзгертуіне мәжбүрленді. Олар өздерінің жерін тартып алған келімсектерге, орыс-казак әскерлеріне және өлкедегі өндірістерге жалданды. Бұл ауыртпалыққа үстемеленген салықтар қосылып, халық әбден күйзелді. Осындай жағдайды соғыстың басталуына байланысты туындаған қосымша міндеткерліктер мен майдан шығындары тіптен шиеленістіре түсті. Отарлық езгінің түрлі кұқайын ба- стан кешіп отырған халықты патша өкіметінің тыл жұмысына алу жарлығы одан әрі ашындырып, жап- пай бас көтерулерге қозғау салды. Көтеріліс Далалық өлкенің барлық өңірін толық дерлік қамтыды. Алғашында жергілікті әкімшілікке тізім жасатпаудан басталған қарсылық кейін үлкен қарулы шайқасқа, өкіметтің жазалаушы отрядтарына қарсы шапқан батыл қимылдарға ұласты. Әсіресе Семей, Торғай, Жетісу, Ақмола облыстарында осы кұбылыс, ерек- ше байқалды. Халықтың қарсылығы шілдеден желтоқсанға дейін жалғасты. Қазақстанның барлық аймағындағы қазақтардың қолдауын туғызған қарулы көтеріліс барысында хандық билікті жаңғырту мәселесі де қолға алынды. Өкінішке қарай, біздің қоғамда тарихи құбылыстар мен оқиғаларға таптық тұрғыдан баға беру принципі үстем алған кезеңде көтерілістің нақты себебін жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік болмады. Зерттеушілердің империялық саясат шеңберінен шығып кетпеуі қырағы қадағаланды. Әсіресе, әміршіл-әкімшіл жүйе кең сипат алған кезеңде ұлт тари- хы, азаттық күрестер мүлдем «жабық» тақырыпқа айналды. 1916 жылғы көтерілістерде көрініс берген хандық билікті жаңғырту мәселелері де сол тый- ым салынған тақырыптарға саятын. Коммунистік саясаттың басты мақсаты халық санасындағы ұлттық мемлекет идеясын жою, мәңгүрттендіру, тіпті ұлттық болмысты жою болғаны белгілі. Сол себепті де империялық бағыныштылықта келген халықтың бас көтеруі мен оянуын советтік тарихнаманың осылайша сыңаржақ мойындатуы салдарынан, бұл көтеріліс зерттеушілер тарапынан тек езілген шаруа- лар көтерілісі ретінде ғана қарастырылып келді. Ал, шын мәнінде, 1916 жылғы қарулы көтеріліс қазақтың саяси дәстүрлері өміршеңдігінің көрінісі болатын. Көтерілісті даланың дәстүрлі билік жетекшілері басқарды. Елді біріктіруші күш ретінде, эт- носты сақтап қалудың кепілі ретінде әр ру өз ішінен беделді адамдардан хан сайлады. Халық санасында дәстүрлі билік туралы ұғым қайта оянып, байырғы биліктің көрінісі ретінде хандық жүйені жаңғырту қолға алынды. XX ғасырдың басында қазақ халқы жүргізген ұлт- азаттық қозғалыстың үш түрі, бағыты, өзегі бар. Бірінші – атамекен жерінен айырылған қазақтар жер үшін, яғни материалдық азаттық үшін күресті. Екінші – патша өкіметі қазақ халқын рухани жағынан отарлап, оның дінін жойып, орыстандыру саяса- тын жүргізді. Яки қазақ халқы рухани азаттығы үшін күресті. Үшіншіден, қазақ қоғамында саяси бостандық, ұлттық тәуелсіздік идеясы жанданып, бодандықтан құтылу жолдары қарастырылды. Қоғамдық тұрғыда пісіп жетілген осы бағыттардың басында халықтың ең алдыңғы қатарлы тұлғалары, көшбасшылары жүрді. Көшбасшылар ішіндегі еуропалық білім алған, ағартушылық деңгейі жоғары, Ресейдің саяси құндылықтарынан хабардар зиялылардың белгілі бөлігі – батыстық идеялардың ықпалында болды. Олар тәуелсіздікке тек саяси күрес, парламентаризм (Думаға сайлану) жолымен жетуді жоспарлады. Қазақ қоғамындағы өте ықпалды ислам діні өкілдері, шығыс мұсылмандарымен одақтасуды көздеді. Олар тәуелсіздікке жеткізетін негізгі құрал дін деп танып, рухани беріктікті, түркшілдік идеясын ту қып көтерді. Ал үшінші ағым, қазақтың байырғы даму жо- лын жалғастырып, дәстүрлі хандық билікті ұлттық тәуелсіздіктің символы ретінде жаңғыртуға тал- пынды. Сол хандық билікті қайта қалпына келтіру арқылы саяси азаттыққа ұмтылды. 1916 жылғы көтеріліс барысында сайланған Әбдіғапар, Оспан, Хасен, Омар, Сәтбай сияқты хан- дар, Кейкі, Амангелді, Қасымхан, Қосжан тәрізді ба- тырлар іс түйіні шешілер сәтте ел мүддесін қорғау үшін қарулы күресті таңдады. Қарапайым қарумен жарақталған көтерілісшілердің мұздай қаруланған жазалаушы отрядқа қарсы шығуы, халықтың тәуелсіздік рухының жоғары болғандығын көрсетеді. Себебі этносты сақтап қалуда рухтың басым болуы да үлкен роль атқарады. Көтеріліп отырған мәселенің мәнісін қорыта кел- генде, мынадай тұжырымдар жасауға болады: 1. Патша өкіметінің отаршыл саясаты дәстүрлі этно-әлеуметтік құрылымның негіздерін өзгеріске ұшыратты, қазақ елі үш түрлі отарлауға (материалдық, рухани, саяси) ұшырады. 2. XIX ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы жүргізілген қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының әлеуметтік мәселелерінің шиеленісуіне әсер етіп, кейбір саяси жайттарды, соның ішінде этносаралық қайшылықтарды ушықтырып жіберді. Ол қоныс ау- дарушылар мен қазақтар арасындағы қақтығыстарға ұласты. 3. Отарлаушы өкімет орындарының орыстандыру саясатына қарсылықтың негізгі түрі елдің мұсылман дініне бет бұруынан байқалды. XX ғасырдың басын- таным 44 45 да діни мәселелерге байланысты қайшылықтардың тууы қоныстанушылар мен қазақтардың арасындағы ашық күрес факторына айналды. Отаршылдық қанаудан теперіш көрген қазақ мұсылман дінін руха- ни сақтану құралы ретінде қабылдады. 4. XIX ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы ұлт-азаттық қозғалыс бейбіт формада дамыды. Осы кезеңде азаттық күрестегі екі ағымнан (батысшыл, түркшіл) басқа, үшінші ағым – арнайы ұйымдаспай, стихиялы түрде, халықтың аду- ын далалық рухын таныта көтерілген күш те кеңінен көрініс берді. Қазақтың дәстүрлі тіршілік салтын сақтауды көздеген бұл ағым 1916 жылғы көтеріліс барысында анық байқалды. 5. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы қазақ еліне өз әсерін тигізбей қоймады. Отарлық езгінің түрлі салдарларын бастан кешіп отырған халыққа шектен тыс салықтар, жүктемелер салмақ түсіріп, жергілікті әкімшілік өкілдерінің заңсыз іс- әрекеттері наразылықтарға әкелді. 6. Көтеріліс ошақтарында этносаралық қайшылықтар күшейіп, орыс пен қазақ бір-бірінің мал- мүлкін тонап, шиеленісті асқындыра түсті. Патша өкіметі тарапынан қоныстанушыларға қару тараты- лып беріліп, олардың жазалаушы отрядтармен қоса қазақтарды қырып-жоюы жиіледі. Сондықтан бұл қазақ этносының орыс өктемдігінен өзін-өзі сақтап қалу жолындағы отаршылдықтан азаттыққа қол жеткізуге ұмтылу күресіне айналды. 7. 1916 жылы жарлыққа қарсы көтерілген ел ұйымдасу, кеңесу негізінде өз орталарынан хан (жетекші) сайлап, саяси азаттық үшін күрес жүргізді, яғни хандық билік этносты біріктіруші роль атқарды. Көтерісшілер патша өкіметінің орнатқан басқару жүйесін жою мақсатында қазақ мемлекеттілігінің дәстүрлі формаларын қайта қалпына келтіргенді жөн көрді. Дәстүрлі хандық билік тәуелсіздікке ұмтылудың, этностың сақталуының кепілі ретінде танылды. Біртұтас саяси биліктен ерте айырылған халық, әр ру өзінің ішінен беделді азаматтарды хан көтеріп, хандық билік құру арқылы патша өкіметінің отарлау саясатына қарсылығын білдірді. 8. 1916 жылғы хандықтардың түр-сипаты қазақ мемлекеттілігінің саяси билік жүйесіне сай болып, халық ата-бабадан келе жатқан азаттық күресінің дәстүрлерін қайта жаңғыртты. Бұл қазақтың өз хандығы болуын аңсауының, хандық билік ел басқару жүйесі ретінде дәстүрден кетсе де, санадан кетпегендігінің көрінісі еді. Қыпшақ, Арғын хандықтары әскери дәстүрлерді мықтап ұстанса, Бағаналы және Арқа рулары хандықтарында діни ағымның ықпалы жоғары болды. 9. 1916 жылғы хандықтарда ақ киізге салып, боз биені құрбандыққа шалып хан көтеру, хан сайлауда меритократиялық талаптарды ұстану, ру ақсақалдарының беделін, кеңесін ескеру, жетекшілікті әйгілі батыр-билердің ұрпақтарына тапсыру, хандық әскерлерінде ту бегінің ролі көтеріліп, тудың, ұранның қасиетті болуы тәрізді саяси дәстүрлердің жандануы көтеріліс кезіндегі хандық басқару институтының қазақ жеріндегі байырғы мемлекеттіліктің саяси билік үлгісімен сабақтастығын анық байқатады. Осы реттен алғанда да 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің бір нәтижесі – хандық биліктің жаңғыруы деп айта аламыз. 10. 1916 жылғы қарулы көтеріліс өзіндік дербес ұлт-азаттық ерекшелігімен өрбіді. Көтерілісшілер мемлекет атрибуттарын жаңғырту арқылы саяси Ә. Қастеев. «Амангелді жорығы». 1951 ж.. Қағаз, акварель. азаттыққа ұмтылды. Бұл қазақ елінің тәуелсіздігін қайта қалпына келтіру жолындағы азаттық күресінің бір бағыты, ұлт бостандығына жетудің негізгі баста- масы болды. Алайда 1916 жылғы бүкіл Қазақстан аймағын қамтыған ұлт-азаттық көтерілісі барысын- да біртұтас хандық кұруға мүмкіндік болған жоқ олар әр аймақтардағы ұсақ хандықтар түрінде ғана көрініс берді. Патша өкіметі жазалаушы отрядтарының көтеріліске шыққан халықты аямай қырып-жою сая- саты, олардың бірігіп, тұтастануына мұрсат бермеді. Қазақ даласы қанға бөгіп, қалың ел босқыншылыққа, туған жерінен жан сауғалап босқан үркінге ұшырады. Оның соңы қазақ ұлтын жер бетінен жою бағдары мейлінше қарқынды жүргізілген қызылдардың қаншеңгел билігіне ұласты... Ел тәуелсіздігінің биылғы 25 жылдығы қарсаңында бұдан жүз жыл бұрынғы ұлт-азаттық көтерілісі барысында қазақ халқының отаршылдық бұғаудан құтылу, жеке мемлекет құру аңсарына байырғы, дәстүрлі хандық билік жүйесін жаңғырту арқылы қол жеткізуді көздеген қарулы майданға шыққанын да бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру мәселесіне тарихшыларымыздың ерекше мән бергені мақұл. Азаттық жолындағы күрестер тақырыбын тарихи объективтілік тұрғыдан зерттеу, сол күрестер барысындағы халықтың ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тәуелсіздікке ұмтылыс рухының мәнін терең ашып көрсету – ұлтымыздың мемлекеттік санасының нығаюына толығымен сәйкесер еді.

Жамаладен Ибрагимов,

т. ғ. к.,

Л. Гумилев атындағы

Еуразия Ұлттық университеті

мемлекет және құқық

теoриясы мен тарихы,

конституциялық құқық

кафедрасының доценті.