Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Атамекен

Жүсіп ата кесенесі

Басты бет - Атамекен - Музей қорын толықтырудағы қадым заман жәдігерлерінің орны

Музей қорын толықтырудағы қадым заман жәдігерлерінің орны

Сейсенбі, 15 қараша 2016Музей – мәдени-тарихи және ғылыми құндылықтарды сақтайтын, жәдігерлер арқылы мәліметтерді жинақтап, зерттеп-зерделеп, бабала- рымыздан қалған мұраларды өскелең ұрпаққа ми- рас етіп қалдыратын, мәдени құндылықтар арқылы рухани нәр беретін тарихи қалыптасқан көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты. Қарағанды облысының археологиялық ескерткіштерін зерттеумен 1927 жылдан бастап өлкетанушы Л. Ф. Семенов айналыса бастады. 1929 жылы оның басшылығымен Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылының маңында археологиялық барлау және іздестіру жұмыстары жүргізіліп, 10 кешенді ескерткіш тобы анықталды. Семеновтің жетекшілігімен жүргізілген осы тектес археологиялық ізденістер 1932 жылы ашылған Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі археология бөлімі дамуының негізін құрады. 

Музейдің 1940 жылға дейінгі ғылыми-зерттеу жұмыстары түрлі экспедицияларға қатысумен және ескерткіштердің тізімін жасау аясымен шектелді. Алғашқы ғылыми археологиялық экспедиция 1940 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, белгілі археолог С. В. Киселевтің басшылығымен жүргізілді. Сол жылғы қазба жұмыстарының нәтижесінде андрон мәдениетіне жататын қола дәуірінің он бес жерлеу орны табылды. Облыстық музей зерттеушілерінің келесі зерттеу нысаны Қарқаралы ауданындағы андрон мәдениетіне жа- татын Мырзашоқы ескерткіштер тобы болды. Осы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде түрлі қола бұйымдар, геометриялық өрнектермен безендірілген қыш ыдыстар, қола моншақтар, жебенің ұштары та- былып, музей қорына тапсырылды. Археологиялық артефактілердің суреттері 1951 жылы Қазақ КСР ҒА Хабарларының «Археология» топтамасы бойынша жарияланды. 1953 жылы музейдің ғылыми қызметкерлері Қарқаралы ауданының Нарбас, Еңбексүйгіш, Тасбұлақ, Суықбұлақ ескерткіштер тобын зерттеді. Музей КСРО Ғылым академиясымен, Қазақ ҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этногра- фия институтымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Осы кезеңдерде музейге жергілікті өлкетанушылар Б. И. Ясенецкий, В. Е. Ясенецкая, Н. Н. Дюкова, Г. В. Гри- горьев, т. б. белсенді көмек көрсетті. 1955 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында облыстық музей Қарағанды облысындағы ескерткіштердің бұзылу қаупі мен сақталу деңгейін анықтау және есепке алу мақсатында экс- педиция ұйымдастырды. Сондай-ақ 1956 жылы Қарқаралы қаласының оңтүстігінде және Қу ауданындағы (қазіргі Қарқаралы ауданы) мұртты обалар тобы зерттелді. Нұра ауданындағы қола дәуір ескерткіштері анықталды. Музейдің ғылыми қызметкері, өлкетанушы М. К. Клапчук 1959 жылы Үлкен Бұқпа өзені жағасынан, Зеленстрой, Федоровка, Ескі Майқұдық елді мекендерінен тас дәуірінің 5 тұрағын тапты. 1960 жылы «Жасыл жыра» елді мекені маңынан тас еңбек құралдарын тауып, Қарағанды-15, 17 тұрақтарына қазба жұмыстарын жүргізді. 1930-1961 жж. зерттеулер нәтижесінде облыс аумағынан тас және қола дәуіріне жататын 58 археологиялық ескерткіш табы- лып тіркелді. 1960-70 жылдары музей қызметкерлері Қазақ ҒА Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы құрамында болып, соның нәтижесінде облыстық музей қоры тас, қола, ерте темір дәуіріне жататын жәдігерлермен толықты. 1980-1991 жылдары музей археологы А. Ткачевтің жетекшілігімен Нұртай, Сатан (Қарқаралы ауда- ны), Майтан, Ақтөбе, Шопат (Бұқар жырау ауданы), Энтузиаст 1,2, Майоровка, Екпін (Нұра ауданы), қорымдары мен қоныстары зерттеліп, көптеген тас, сүйек, қола бұйымдар табылды. 1995 жылы музейдің ғылыми қызметкерлері И. Жақыпов пен Б. Елеубе- ков Нұра және Теңіз аудандарының аумақтарында орналасқан Жанбөбек, Баршынгүл, Болтай сияқты 29 архитектуралық ескерткіштерді анықтап, тіркеу, құжаттау жұмыстарын жүргізді. 2004 жылдан ұлттық деңгейде жүзеге асырыла бастаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы музей қорларының жаңа құнды тарихи деректермен толығуына, археологиялық және этнографиялық экс- педициялар жұмысының жандануына үлкен серпін берді. Осы бағдарлама аясында облыстық музей ҚарМУ жанындағы «Сарыарқа археологиялық институты» ғалымдарымен және Қарағанды облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі инспекциясымен бірлесе отырып, 2004-2006 жылдары Осакаров ауданындағы Қаратоғай және Бұхар жы- рау ауданындағы Ащысу қорымдарына қазба жұмыстарын жүргізді. Табылған материалдар ғылыми тізімге алынып, музей қорына тапсырылды. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі археологиялық тобының 2007-2008 жж. Қарағанды облысы, Абай ауданы аумағында жүргізген далалық зерттеу жұмыстары тарихи-мәдени мұра санаты- на кіретін материалдық мәдениет ескерткіштерін анықтау және тізімге алу, сонымен қатар әрбір та- рихи объектінің мәдени-хронологиялық кезеңін анықтау міндетін алға қойды. Өйткені осыған дейін бұл аудан көлеміндегі ерте темір дәуірі және ерте ортағасырлық ескерткіштердің хронологиясы мен кезеңделуі, этномәдениет атрибутикасы, шығу тегі мәселелері көп зерттеле қоймаған болатын. Ақбастау елді мекенінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ерте темір дәуіріне жататын 5 ескерткіш анықталды. Аудан аумағында бұрын-соңды анықталып, тіркелмеген ерте темір дәуірінің мұрасы – Сарепта обасы табылды. Ежелгі заман ескерткіші екі шоқының ортасында ені үш шақырымдай жазық алаңда орналасқан. Обаның диаметрі 10-15 м. ұзындығы 0,5-1 м. Обадан шығысқа қарай, ұзындығы 80-100 м. болатын тас қатарлар (мұрттар) созылып жатыр. Абай ауданының оңтүстік, оңтүстік-батыс бағытындағы Бауырөзен қорымдарына жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары нәтижесіндежиырмадан астам ескерткіш табылып, бұл обалардың ерте темір дәуіріне және ортағасырларға жататындығы анықталып, мемлекеттік тізімге алынды. 2009 жылы Қарқаралы ауданының шығыс бөлігіне этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды. Экс- педиция барысында Қарқаралы өңірінің тарихи- мәдени ескерткіштеріне, тарихи тұлғаларына және жергілікті жердің тарихына, этнографиясына қатысты деректер, материалдар, жәдігерлер, ауыз әдебиеті нұсқалары жиналды. Ескерткіштердің қорғалуы мен сақталуы бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Айыркезең тауларынан бұрын белгілі болмаған петроглифтер табылды. Сол жылы Ақтоғай ауданына қарасты Тасарал қорымдарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба барысында 10 сантиметрлік үш қырлы темір жебенің ұшы, перуза және ақық тастардан жасалған үш моншақ табылды. Тасарал 2 қорымының 1 обасы ортағасыр дәуіріне жататын археологиялық ескерткіш. Жебенің ұшы обаның беткі қабатында жатса, моншақтар жерлеу шұңқырынан табылды. 2010 жылы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі халық қолөнерін, атап айтсақ, материалдық мәдениет үлгілерін жинақтау және музей қорын толықтыру мақсатында Қарқаралы, Шет, Жаңарқа, Абай аудандарына этнографиялық экспедиция ұйымдастырды. Аталмыш жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ақтоғай ауданындағы Тасарал қорымдарында археологиялық қазба жұмыстарының екінші кезеңі басталды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған археологиялық артефактілер және обалардың конструкциясы бұл қорымның ерте темір дәуірінен бастап өмір сүріп келе жатқанын дәйектеді. Асыл тасы бар алтын сырға, сүйектен жасалған үш қырлы екі жебе, ақықтан жасалған моншақ және темір пышақтан тұратын бұл археологиялық табы- лымдар қазіргі таңда мемлекеттік тізімге енгізіліп, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Сақ мәдениеті» залының экспозициясында тұр. 2011 жылы облыстық музейдің археологиялық тобы Абай ауданындағы Ақбастау қорымындағы обаларға қазба жұмыстарын жүргізді. Қорым Ақбастау тауының етегінде дөңесті жазықтықта орналасқан 4 обадан тұрады. Қазба барысында бау өткізетін тас қайрақ пен әртүрлі пішіндегі моншақтар табылды. Моншақтардың жіп өткізетін тесіктері бар. Моншақтың жалпы саны 22, оның ішінде 13-і шығыршық тәріздес, 2-уі бөшке тәріздес, 7-еуі ромб тәріздес. Осылардың ішінде 21-і перузадан, ромб тәріздес 1-еуі азурит тасынан жасалған. 2012 жылы Абай ауданының Бауырөзен қорымының ортағасырлық обаларына археологиялыққазба жұмыстары жүргізіліп, жылқы сүйектері мен темір тоға (айылбас) табылды. Сонымен бірге осы жылы Бұқар жырау ауданының Төрткөл кешеніне археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қола дәуіріне жататын қыш ыдыстардың қалдықтары және қола салпыншақ, моншақтар табылды. 2013 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Ақжол селолық округіне қарасты Қызылту қорымына және Ақтоғай ауданы, Тасарал селолық округіне қарасты Тасарал-3 қорымына археологиялық зерт- теу жұмыстары жүргізілді. Бұл зерттеу жұмыстары Қарағанды облыстық әкімдігінің «Қарағанды облысының стратегиялық дамуы» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Қызылту қорымынан Тасмола мәдениетіне жататын тастан жасалған төрт тағанды құрбандық ыдыс пен темір пышақтың қалдығы шықса, Тасарал-3 қорымының 6-обасынан қос ал- тын сырға, әртүрлі пішіндегі асыл тастан жасалған моншақтар, аяғы жоқ құрбандық ыдысы, 5-обасынан алтын салпыншақ, алтын түтікше, темір ауыздық шықты. Бұлардың ішінде құрбандық ыдыс пен ауыздықтан басқасы әшекей бұйымдарға жатады. 2014 жылы Қарағанды облыстық тарихи- өлкетану музейі өзінің кезекті маусымдық-далалық жұмыстары бойынша Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық округіне қарасты Айыр- тас, Естек қорымдарына археологиялық, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қазба бары- сында ерте темір дәуіріне жататын 5 оба зерттелді. Нәтижесінде 10 әртүрлі пішіндегі моншақтар, тұтқалы қола айнаның сынықтары, үш қанатты қола жебенің ұшы, қыш құмыраның сынығы, 2 алтын әшекей, сонымен қатар органикалық қалдықтар: арқанның үзігі, мата, қорамсақтың қалдығы табылды. Сондай-ақ 2015 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үміткер ауылдық округі, Үлгі ауылы- на қарасты Қарақойтас қорымдарына маусымдық- далалық жұмыстары нәтижесінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба барысында қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне, түрк кезеңіне жататын 3 оба зерттеліп, алтын сырғаның салпыншағы, қыш ыдыстардың сынықтары, ат-әбзел бұйымдары, әшекейленіп жасалған сүйектер, тас бойтұмар та- былды. Жоба «Қарағанды облысының стратегиялық даму» бағдарламасы бойынша жүзеге асты. Бұған Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшылығы мұрындық болды. Қазіргі таңда табылған артефактілер бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Дархан Шашенов,

Қарағанды облыстық

тарихи-өлкетану

музейінің Жалпы

тарих, археология және

этнография бөлімінің

меңгерушісі