Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдени мекемелер

Шығыс моншасы   (XVI - XVIII ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Мәдени мекемелер - «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

  «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 1970 жылы тоналмаған «Алтын адам» табылған Есік қорымдары аумағында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Қаулысына сәйкес, ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен іске асқан «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобасы аясында құрылды. 

Қорғаннан табылған құнды заттар қазақ даласындағы көшпенділер мәдениетінен баға жетпес мәліметтер береді. Ежелгі тайпалардың сакралды ойларын бейнелейтін «Алтын адамның» салтанат киімін әрлеген әшекейлер мен ескерткіштегі басқа да артефактілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінен орын алды. «Есік» қорық-музейінің негізгі тақырыбы және ғылыми-зерттеу нысандарының бірі - сақ мәдениеті мен «Алтын адам».

2013 жылы қорық-музейдің 80-ге жуық қорғандар орналасқан 422,7 гектар қорғау аймағы бекітілді. Қорық-музейдің құрылымына 3 мәдени-ландшафты ескерткіштер кіреді. Олар:

  • Есік қорымы (1936 жылы ашылған. Жалпы көлемі – 398 га).
  • Рахат қалашығы (1999 жылы ашылған. Жалпы көлемі – 5,2 га).
  • Өрікті қалашығы (2000 жылы ашылған. Жалпы көлемі – 19,5 га).

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Сақ мәдениеті мен тарихы», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы» және уақытша көрмелер залы сынды 4 экспозициялық зал мен «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі археолог Бехмұханбет Нұрмұханбетовтің мемиоральдық кабинетінен тұрады. Қазіргі таңда музей қорында 3000-ге жуық жәдігер болса олардың 500-н астамы экспозициялық залда тұр.

Қорық-музей  коллекциясының негізгі бөлігін басты зерттеу нысаны болып табылатын сақ дәуірінің арефактілері құрайды. Қорда Қазақстанның әр аймағынан табылған бұйымдар болса да олардың негізгі бөлігі Жетісудан табылған бұйымдар б.т. Ең құнды жәдігерлердің қатарында «Алтын адамның» қабірінен шыққан бұйымдарды, реставратор Қ.Қ.Алтынбеков жасаған «Алтын адамның» киім үлгісін (қазіргі уақытта экспозициялық залда тұр) айта аламыз. 

Жәдігерлердің басым көпшілігі – қыш ыдыстар, қола мен темірден жасалған бұйымдар және күміс тиындар болып келеді. Қордағы жәдігерлер тас дәуірінен басталып, орта ғасырға дейіңгі кезеңді қамтиды.

Қорық-музейдің негізгі қызметі – тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және сақтау мақсатында ғылыми-зерттеу, мәдени-біліми және туристік қызметтерді ұйымдастыру, Қазақстанның тарихи және рухани ескерткіштерін зерттеп, сақтау, мәдени туризмді дамыту болып табылады.

Есік» қорық-музейі 2012 жылы ғылыми субъекті ретінде аккредиттеліп, 2011 жылдан бастап уақыты шектеусіз лицензия бойынша (№15008747) археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Қорық-музей аймақтық, республикалық және шетелдік көптеген ғылыми-мәдени ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Мекен-жайы:  040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы-Көктал-Көктал тасжолы, Есік кіре берісі-6,6 км. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі РМҚК.

Телефон: +7(727) 306 91 30,
Телефакс: +7(727) 391 34 56,
Сайт: http://issykrm.kz

Facebook: https://www.facebook.com/issykzapovednikmuzey/

E-mail: issyk@inbox.ru

Директор: Мухтарова Гульмира Раиловна