Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдени мекемелер

Көне Басқамыр қаласы

Басты бет - Мәдени мұра - Мәдени мекемелер - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі «Ордабасы» үлттық тарихи – мәдени қорығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі «Ордабасы» үлттық тарихи – мәдени қорығы» РМҚК

 Қорық  ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  1993 жылғы  26  мамырдағы  № 1213 "«Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени  және  табиғи  қорығын құру туралы" Жарлығына сәйкес,  1994  жылдың  1 қаңтарынан бастап,  «Ордабасы» ұлттық тарихи  - мәдени қорығы   құрылды.

       1726 жылдың көктемінде  Қазақ   халқының  дана  билері  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  билердің  ұйғаруымен  Ордабасы тауында  Ұлы жиын  өтіп,  халқымызды  жоңғар  басқыншыларына  қарсы  азаттық майданын  ашуға ортақ  шешім жасап,  ұлт  болып  бірігуге  бәтуаласты. Сол  жиында  Қазыбек  бидің ұсынысымен  кіші  жүз  ханы  Әбілхайыр  қазақ әскерінің  бас қолбасшысы  болып  сайланып,  Қанжығалы Бөгенбай  батыр ұрыс туын көтерді.  Осы  бірігудің   арқасында  қазақ  жасағы  1727 жылы Бұланты  мен  Білеуті  өзені бойындағы  "Қара  сиыр" деген  жерде қалмақ жасағына  ойсырата соққы  беріп,  жеңіске  жетті.  Содан бері  ол  жер "Қалмаққырылған"  деген атпен  тарихта  қалған болатын.

1993 жылдың  26 – 28  мамыр  күндері  Ордабасы тауында   қазақтың Ұлы  тұлғалары  Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  билерді,  және 1726 жылғы ұлы жиынды  мәңгі  есте сақтау мақсатында Қазақстан  Республикасыны Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  қолдауымен  «Еске  алу»  күндері  болып  өтті. Еске алу күндеріне ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге арнайы  қонақ   ретінде  Өзбекстан  Президенті  И. Каримов,  және  Қырғызстан Президенті 

А. Ақаев  шақырылған болатын.  Үш туысқан ел  басшылары қазақ халқының қасиетті  жеріндегі  "Бірліктөбеге" көтеріліп мәңгілік достық меморандумына қол қойды.  Сонымен қатар  болшақта   еліміздің бірлігі мен  жеріміздің тұтастығын сақтап қалуда  зор үлес қосқан :  Төле,  Қазыбек, Әитеке билердің құрметіне ескерткіш кешен  орнатылсын деген ниетпен  кешеннің  орны   белгіленіп, сол   жерге  белгі  тас  қойылған  болатын.

 Нәтижесінде 1997 жылдың 19 қыркүйегінде «Бірлік» монументальды  ескерткішінің  құрылысы  аяқталып, ашылу  салтанатына  байланысты  болған  мерекелік  жиынға қатысқан  Президент  Н. Назарбаев  тұрғызылған монументтің  мән – маңызына айрықша  баға  берді.  Ескерткіштің  жобасын жасаған  сәулетші: Ғ. Садырбаев

Монументтің  биіктігі 28 метр, төменгі  шеңберінің  диаметрі 8 метр. Ескерткіштің үш  бұрышындағы  үш  ұстын – Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің  асқақ  тұлғаларын  білдіреді, билердің  ұлағатты  сөздері  ескерткіштің  әр  бетінен  орын  алған. Монументтің  ортасына бекітілген қазақтың  қасиетті  шаңырағы – ескерткіштің  барлық  жағынан бірдей  ортақ  көрініс  тапқан , бұл – халқымызды  ұлттық  санасының қалыптасуына  үндегендей . Шаңыраққа  ілінген тұмар «бірлігімізге көз  тимесе  екен» - дегенді  білдірсе , одан  төменірек  тербетілген  шашбау – сылдырауық  « құлақтарың  түріп  жүрсін , ел  мен  жерді  қорғаңдар,»  деген  бабалардың  ұрпақтарына  өсиетін  білдіреді.  Ескерткіштің жоғарғы  жағындағы  хан  қалпағының  бейнесі – «Жүзге  бөлінбей  тұтас  бір  хандықтағы  іргелі мемлекет  болсақ» дегенді  ұғындырады. Алдыңғы алаңнан  орын  алған  «  Ордабасы – ел жүрегі , жер кіндігі » деген  Елбасы  сөзі  жазылған  тұғыртастың  да мән – маңызы  өте  жоғары . 

 Еліміздің көк  байрағы  желбіреген « Бірліктөбе » - теңіз  деңгейінен 530 м биікте, ауа райының  тынық кезінде жүз  шақырымға  дейінгі жер  көзге  шалынады .  Ордабасы  тауында ғалымдардың  ғылыми  зерттеулерінің нәтижесінде  осы тауда  бұдан  екі  жарым  мың  жылдай  уақыт  бұрын жерленген  сақ  тайпаларының  300-ге  жуық қорған  бейіттерінің бар  екені  мәлім  болды . Археологтардың  пайымдауынша,  біздің  дәуірімізге  дейінгі  өмір  сүрген сақ  тайпалары   өздерінің   ұлы  көсемдерімен  ұлы  адамдарын  осы өңірге  әкеліп  жерлеп  отырған .

 1993 жылы  қойылған  тайқазандар  да  өз  ара  жарасым  тауып тауға  көрік  беріп тұр, бір  қазаннан  ас  ішкен бір үйдің  баласындай ел болуға үндейді.  Ордабасы қорығының жалпы  аумағы – 1134 га,сәндік  және  жеміс  ағаштары 10 гектар жерге  қондырылған.  Ел  өткенін  құрметтемесе,  болашағына  нақты  қадам  баса  алмайды . Өткен қилы кезеңдерде  айшықты  даналығымен  халқымыздың  жүрегінен  мәңгілік  орын  алған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің  рухы  бүгінгі  біздің  тыныс – тіршілігімізбен  біте  қайнасып  жатыр.  Қасиетті  де  киелі  Ордабасы  қашанда халқымыздың  ұлттық  мақтанышы  болып  қала береді .