Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның Мәдени мұрасы

Бір және екімұнаралы мешіттер   (XIX ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Мәдени мекемелер

Мәдени мекемелер

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы ұлы ақынның 95 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылдың 1 сәуіріндегі қаулысы негізінде ұйымдастырылып, қазан айының 16 күні ашылды. Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби-мемориалдық музей болып табылады.

толығырақ...

«АСТАНА ОПЕРА» – МӘҢГІЛІК ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Осы театрдың ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағынын ондаған жылдар бойы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел, ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді» – деген еді.

толығырақ...

«ОТРАР» МЕМЛЕКЕТТІК АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі орталықтардың бірі, ғұлама ғалым Әбу Нәсір Әл-Фарабидің отаны Отырар – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ортағасырлық қалалардың ең белгілісі. Отырар ежелгі заманнан-ақ қалаларында ғылым мен мәдениет, сауда, өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі болған. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Отырар-Фараб Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы, ІХ-ХІІ ғасырларда аймақтың бас қаласы, ХІІІ-ХҮ ғасырларда Қазақстанның Оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі, ал ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығына айналды.

толығырақ...

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі «Ордабасы» үлттық тарихи – мәдени қорығы» РМҚК

Қорық ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 26 мамырдағы № 1213 "«Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени және табиғи қорығын құру туралы" Жарлығына сәйкес, 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Ордабасы» ұлттық тарихи - мәдени қорығы құрылды.

толығырақ...

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

«Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 1970 жылы тоналмаған «Алтын адам» табылған Есік қорымдары аумағында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Қаулысына сәйкес, ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен іске асқан «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобасы аясында құрылды.

толығырақ...