Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдени мекемелер

Мақұл Там   (XIX ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Мәдени мекемелер - «АСТАНА ОПЕРА» – МӘҢГІЛІК ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

«АСТАНА ОПЕРА» – МӘҢГІЛІК ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Осы театрдың ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағынын ондаған жылдар бойы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел, ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді» – деген еді.

Астананың сол жақ жағалауында орналасқан «Астана Опера» асқан сән-салтанатымен көз тартады. Ол бұл тұрғыда Миландағы «Ла Скала», Мадридтағы Корольдік опера, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера сынды атақты театрлар қатарынан орын алды.

Театр тоғыз гектар жер көлемін алып жатыр. Ғимарат алаңы 64 мың шаршы метрге тең. Оның 3000 шаршы метрі сахналық аймақты қамтыған. «Астана Опера» театры өзінің көлемімен ғана емес, сонымен бірге әсем сәулетімен де көз тартады. Әлемдік архитектураның ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді.

Кіреберісті мүсіншілер М. Мансұров пен Т. Ермековтің «Қобызшы» және «Жетігенші қыз» туындыларыәшекейлеп тұр. Ал, театрдың төбесіне қойылған квадригада сақ патшайымы Томирис бейнеленген (авторы:Қанат Нұрбатыров).

Вестибюль, фойе, көрермендер залы және негізгі сахна биік классицизм стилінде жасалынған. 1250 орынды бас көрермендер залының айналасында ложалар мен бельэтаж орналасқан.

Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» ешкімге дес бермейді, тіпті көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес. Театрдың барлық бөлмелері, қосымшаларымен қоса (арьерсахна, түрлі шеберханалар, көптеген дайындық залдары) және театр өмірін қозғалысқа әкеліп, оны тиімді ететінніңбарлығы әлемдік стандарттарға сай.

Орталық сахна жанында екі қапталды қалтасы мен арьерсахна орналасқан. Арьерсахна мен шеберхана және бірқатар цехтар жалғасқан, олардың көмегімен театр өзі декорациялар құра алады. Декорациялар осы арьерсахнаның үлкен кемістігіне жинақталады. Фуроктың көмегімен декорациялар бір тұғырдан екіншісінеқозғалып ауыстырылады. Осы ретте машинерия театрлық қойылымдар үшін (опера, балет, спектакль, концерттер мен т.б.) толық дайындық жасауға мүмкіндік береді. Оркестрлік шұңқыр 120 музыкантқа лайықталған. Ол тек оркестрге ғана емес, сахнаны немесе партер аймағын кеңейту үшін де қолданылады.

Театрдың 250 орынды камералық залы ансамбльдер, камералық хор және кіші симфониялық оркестрлердіңконцерттерін өткізуге өте ыңғайлы. Сахнаның әр дыбысы қалт кетпей, анық-қанық естіледі. Жалпы, «Астана Опера» акустикасы – құбылысты дүние. Акустикасымен Италия, Германия елдерінің жетекші мамандары арнайы жұмыс жасады, соның нәтижесінде театрдың барлық залдарында ерекше дыбыстық сипатқа қол жеткізілді.

Классикалық опера мен балет өнері адамзат өркениетінің алтын қазығы, рухани азығы, мәңгілік үйлесімніңшынайы көрінісі.

Осынау өнердің жауһар туындылары, сондай-ақ әлемдік театр өнерінің хас шеберлерінің заманауиқойылымдары «Астана Опера» театры сахнасынан көрініс табатын болады.

2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы театр маусымын М. Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты. Осы жылдың күзінде Дж. Вердидің «Аттила» операсымен театрдыңәлемдік тұсаукесері болып өтті.

Алғашқы театр маусымында әйгілі хореограф Юрий Григоровичтің қойылымдағы П.И. Чайковскийдің«Ұйқыдағы ару» балеті, белгілі француз балетмейстері Шарль Жюдтің қойылымындағы С. Прокофьевтің«Ромео мен Джульетта» балеті, сондай-ақ танымал ресейлік хореограф Борис Эйфманның «Роден» заманауи балетінің әлемдік премьералары өткізілді.

Алғашқы театр маусымында біздің әртістер атақты Рим опера театры, Ла Скала, Ресейдің Үлкен театры, Мариин театры, Бордо опера театры, Б. Эйфманның балет театры сынды еуропалық театрлардыңұжымдарымен бірлескен қойылымдарды қойды.

Театрдың дәл кіреберіс маңдайшасындағы Самұрық құс бейнесі тектен тек бейнеленбеген. Ол қасиетті Бәйтерек ағашының ұшар басынан бар әлемге Мәңгілік Елдің ұлы арманы мен істерінен сыр шертіп тұрғандай.

Жаңа театрда балалардың театрлық студиясы ашылып, жұмысын бастап та кетті. Бұл тұрғыда жас жеткіншектердің бойында мәдениет пен талғам қалыптасып, ұзақ жылдарға ұрпақтан ұрпаққа театрлық өнердіңсыйқырлы эстафеталық таяқшасы берілетін болады…

Иә, «Астана Опера» – болашаққа ұмтылған рухани үрдіс!