Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның Мәдени мұрасы

Н.Әбдіровтің ескерткіші

Басты бет - Мәдени мұра - Материалдық емес мұра

Материалдық емес мұра

Келесі жылдағы материалдық емес мұра:
Барлық    2016
 
 
26 қазан 2016

Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады.Киізден тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдар жасаумен қатар оған оюлап, өрнек салудың табиғи ыңғайлылығын пайдалана отырып, сәндік қасиетін көне заманнан бері кеңінен қолданғанын Пазырық (б.д.д.V ғ.) қорғанынан табылған дүниелер айғақтайды.

Толығырақ
 

ХХ ғасырдан орта тұсынан бастап қазақтың дәстүрлі музыкасы ғылыми тұрғыда кеңінен зерттеле бастады. Деректер жинақталып, әртүрлі еңбектерді жазу қолға алынды. Бұрын өмір сүрген өнерпаздардың өмірі мен мұралары зерттелді. Күйшілердің күйлері жинақталып, ол туындыларға талдаулар жасалды. Дегенмен, әуелде бұл зерттеулер негізінен, тек екі ішекті домбыра аясымен ғана шектелген еді. Олардың арасында өткен ғасырдың орта тұсына дейін еліміздің шығыс өңірінде кеңінен қолданылып, әншілері мен күйшілері шерткен, арнайы сол аспапқа шығарылған күйлері болған үш ішекті домбыра жайлы мәлімет көп кездесе бермейді. Үш ішекті домбыраның тарихы мен таралу аймағы туралы не деуге болады. Бұл орайда жүргізілген зерттеулер барысында жинақталған этнографиялық және тарихи мәліметтер аталмыш аспаптың қазақ жерінің барлық аймақтарында қолданылғанын алға тартады. Дегенмен ол бір аймақта кеңінен тараса, келесі бір өңірлерде біртін-біртін ұмыт болған. Ол туралы сол өлкелерді бұрын зерттеген этнограф- тарихшылардың мәліметтерінен ғана кездестіре ала- мыз.

Толығырақ
 
 
17 қазан 2016

   Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді. Белгілі ғалымдар М. П. Грязнов пен С.В. Киселев сол заттардың сыртына салынған өрнектер қазіргі алтайлықтар мен қазақтардың, тяньшандық қырғыздардың оюларына өте жақындығын атап көрсеткен.

Толығырақ
 

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің түп төркіні тым ертеден бастау алып, дәстүрге айналып бүгінгі күнге жетуі, қазақ халқының халық болып қалыптасуының заттық айғағы  болып табылады. 

Толығырақ
 

Қазақтың қолданбалы өнері өзіндік ерекшелігімен әзелден мен мұндалайды. 

Толығырақ
 

Теріден жасалатын бұйымдар, әсіресе ыдыстар-көшпелі өмірге бейімделген, көшіп-қонып жүргенде алып жүруге ыңғайлы, сынбайтын, ерте заманнан келе жатқан үй жасау жабдықтарының бірі. 

Толығырақ
 

Білезік-жалпы әйел заты қолға тағуға арналған сәндік әшекей бұйымдарының бірі. «Сулық», «ауыздық», «мұрындық», деген секілді ол білекке тағу үшін жасалатындықтан «білезік» деп аталған.

Толығырақ
 

Мұражай қорында сақталған, қазіргі кезде қолданыстан шыққан, ұмытыла бастаған жәдігерлердің бірі аяққап, кесеқап түрлері.  

Толығырақ
 
25 тамыз 2016

Қазақ эпосы мен фольклорының барлық түрі музыкамен тығыз байланыста. 

Толығырақ
 

    Тарихымызда халқы үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасқан батырларымыз қаншама. Қазақ жерін сақтап қалу мақсатында жоңғарлар мен қаншама жыл кескілескен ұрыстар да шайқастар да болып өткен. Бұл шапқыншылық қоғамда батырларды тудырған заман болды. Батырлар ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың орта шеніндегі Қазақ жерінде әскер көсемдері әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болды. Е.К.Мейендердің айқындауы бойынша қазақтар батыр деп «батыл, әділ және тапқыр адамдарды айтады. Соғыс кезінде бұлар нағыз шабондаздар.» «Батыр» атағы ешқашанда мұрагерлікке қалдырылған емес. Оны ешкім жеке басының ерлігімен алып отырады. 

Толығырақ
 

Ең ежелгі қазақ ұлттық ойындарының бірі ойын «Тоғыз құмалақ» болып табылады. «Тоғыз құмалақ» - логика және тапқырлықтарын бортында алқа ойын, логикалық, математикалық ойлау қабілетін және төзімділік дамыту үшін призвание. Ойын қайнау немесе калах секілді ойындар, соның ішінде Mancala отбасына тиесілі. ойын көне моңғолдар мен түріктердің қасиетті қаралды 9 (9x9 = 81 және 2h9h9 = 162) санына негізделген. ойын барысында қарсыластар біз барлық төрт негізгі арифметикалық функцияларды пайдалану керек-ақ ғылыми әлемде ол, «бақташы алгебра» деп аталды. Ойын саны ставка бойынша, сонымен қатар тактикасы ғана емес негізделген.

Толығырақ
 
Келесі жылдағы материалдық емес мұра:
Барлық    2016

Барлық материалдық емес мұра: 14