Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның Мәдени мұрасы

Қарасай, Ағынтай батыр ескерткіштері

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра

Асыл мұра

Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».

Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың  өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.

Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».

Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.

Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз  толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады.

 

Заманауи музыкалық өнер

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ
жоқ фото

Мұхамбеткерей Мералыұлы(1841-1918)

Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841-1918) - халық композиторы күйші, домбырашы. Мұхит тойларда,ірі жәрмеңкелерде домбырада ойнап, ән айтумен көзге түскен өнер иесі. Мұхит, Есбай, Тазбала, Сәулебай күйлерін ерекше шеберлікпен орындаған. Мұхиттың әнді орындау дәстүрі халық арасында Ғ. Құрманғалиев, Т. Ибрагимова және т. б. арқылы тараған.

Tолығырақ
 
Сыдық  Мұхамеджанов

Сыдық Мұхамеджанов(1924-1991)

Мұхамеджанов Сыдық (1924-1991) - композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

Tолығырақ
 
жоқ фото

Мұхаммедханафия Бахрам-ұлы(1818-1854)

Сегіз-СеріМұхаммедханафия Бахрам-ұлы (1818-1854) - ақын, әнші, композитор. Сегіз-сері 10 жасынан бастап, өзінің ақындық және орындау мәнерімен белгілі болды. Халық арасында Сегіз-серінің “Үкілім”, “Көркем-ай”, “Қаракөз”, “Гауһартас”, “Мақпал” әндері, “Тұлпар”, “Қос қыран”, “Алмас қылыш” күйлері жақсы танымал.

Tолығырақ
 
Дина  Нұрпеисова

Дина Нұрпеисова(1861-1955)

Нурпеисова Дина (1861-1955) - выдающийся представитель традиционного искусства, композитор и исполнитель, ученица великого Курмангазы, народная артистка КазССР. Творчество Дины смыкает прошлое с современностью.

Tолығырақ
 
Жамал  Омарова

Жамал Омарова(1912-1976)

Омарова Жамал (1912-1976) - әнші (контральто). Қазақстанның халық артисі. Өзбек ССР-нің Янгиюль қаласында туған. Ташкент педагогикалық училищесінде оқу бітірген.

Tолығырақ
 
Отрар сазы

Отрар сазы(1980ж.)

Қазақтың мемлекеттік халықтық музыкалық аспаптарының фольклорлық этнографиялық оркестрі. 1980 жылы ансамбль ретінде қазақ филармониясының жанынан құрылған. Оркестрдің ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі және бас дирижері ССРО-нің халық артисі Н. А. Тілендиев.

Tолығырақ
 
Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ