Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның Мәдени мұрасы

Абділ Әзіз баб   (XV - XIX ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра

Асыл мұра

Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.

Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».

Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың  өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.

Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».

Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.

Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз  толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады.

 

Заманауи музыкалық өнер

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ
Мұқан  Төлебаев

Мұқан Төлебаев

Төлебаев Мұқан (1913-1960) - композитор, ССРО - ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазССР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері. Алматы педагогикалық училищесінде, Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ опералық студиясында оқыған.

Tолығырақ
 
Латиф  Хамиди

Латиф Хамиди

Хамиди Латыф (1906-1983) - композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ташкент ағарту институтын, 1-ші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетін профессор Б. А. Яворскийдің класы бойынша, Мәскеу консерваториясы жанындағы Татар опералық студиясын бітірген.

Tолығырақ
 
Ескендір  Хасанғалиев

Ескендір Хасанғалиев

Хасанғалиев Ескендір - әнші (лирикалыҚ баритон), композитор, Қазақстан Республикасының халық артисі. 1940ж. Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хорлық факультетін Е. Виноградов пен Н. Шарипованың класы бойынша курсты, Әль- Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді.

Tолығырақ
 
Дәулеткерей  Шығайұлы

Дәулеткерей Шығайұлы

Дәулеткерей Шығайұлы  (1820-1887) композитор, күйші. Дәулеткерей адамның рухани дамуына аса көңіл бөлген және бұл бағыттағы өз көзқарасын қорғаған. Ол көп саяхат жасап, өнер, рухани саладағы адамдармен кездесіп, жай халықтың тұрмысы мен өмірін зерттеген.

Tолығырақ
 
Тәттімбет   Қазанғапұлы

Тәттімбет Қазанғапұлы(1815-1862)

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - күйші, домбырашы “шертпе” күйді орындау мектебінің негізін салушылардың бірі. Тәттімбет тақырыбы әрқилы “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сары өзен”, “Терісқақпай”, “Былқылдақ”, “Боз айғыр”, “Балбырауын”, “Қара жорға” және т. б. Тәттімбет күйлері лирикалық негізді тереңдігімен, сезімнің дарқандығымен ерекшеленеді.

Tолығырақ
 
Мақалым  Қойшыбаев

Мақалым Қойшыбаев

Қойшыбаев Мақалым (1926-1986) - композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Доцент В.В. Великановтың композиция класы бойынша Алматы консерваториясын бітірген. Қойшыбаев өзінің шығармашылық қызметін 13 жасында орындаушы болып бастаған, ол Радиокомитет жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінде ойнаған.

Tолығырақ
 
Ақан сері Ақжігіт Қорамсаұлы

Ақан сері Ақжігіт Қорамсаұлы(1843-1913)

Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 – 1913) – ақын, композитор. Ақан лирикалық әндерді, виртуозды орындаушы, танытушы ақын композитор. Ол “Сырымбет”, “Мақпал”, “Қарамар”, “Ақ көйлек”, “Ақтоқты”, “Перизат”, “Ай көк”, және т.б. көптеген лирикалық әндердің авторы. Оның әндері мен суреттерінде бүркіт салған аңшылық кез, алыс жерлерге саяхат, жалғыз аттының бейнесі бар.

Tолығырақ
 
Абай  Құнанбаев

Абай Құнанбаев(1845-1904)

Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді.Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады.

Tолығырақ
 
Шәміл  Әбілтаев

Шәміл Әбілтаев(1948ж.)

Әбілтаев Шәміл - домбырашы, композитор-күйші. 1948 ж. Атырау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (Қ. Жантілеуов пен К. Мұхитовтың домбыра класын) бітірген.

Tолығырақ
 
Келесі әріптен басталатын:
Барлық    АӘБВГҒДЕЁЖЗИЙКҚЛМНҢОӨПРСТУҰҮФХҺЦЧШЩЫІЭЮЯ