Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Қ.А. Яссауи кесенесі   (XIV - XV ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Алматов Алмас

Алмас Алматов

Алмас  Алматов

Алматов Алмас - домбырашы, жырау. 1957 жылы Қызылорда Қаласында туған. Алматовтың әуендік ортасы ұлы Қорқыт пен оның ізбасарлары Рүстембек, Көшеней, Бидас өмір сүрген мекен. Композитор М. Қалауов пен танымал фольклоршы, профессор А. Қоңыратбаевтан оның дәріс алуы творчестволық қалыптасуына ерекше ықпал етті. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. А. Алматовтың ұланғайыр тақырыпты орындаушылық өнері бүгінде елімізден тыс шетелдерге де танымал.

Ол қазақтың жыршылық өнерін Мәскеу, Самарқант, Париж, Франция, Италия, Швейцария, Монғолия өнерсүйер қауымына адамзат мәдениетінің асыл қазынасы ретінде таныстыра білді. Ол қай жерде өнер көрсетсе де, Арал өңірінің жырлау мәнерін танытумен болды. Ол Асан Қайғыдан бастап, Қазақстанның қазіргі замандық ақындардың шығармаларын орындайды.

Эпикалық жыр өнерінің адам сезіміне әсері ерекше. А. Алматов жыр өнерін жалынды жалғастырушы айрықша өнер иесі.