Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Ақкесене мұнарасы   (XIII - XVII ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Ахметова Мәрия

Мәрия Ахметова

Мәрия  Ахметова

Ахметова Мәрия- музыкатанушы, өнертану ғылымының докторы, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. 1921ж. Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тарихи теориялық факультетін, мұнан соң П.И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірген.

Ахметова - Қазақстан композиторларының вокальды-хорлық шығармалары және халықтық - фольклор бойынша монографиялар авторы, ол сондай-ақ, халықтық және композиторлық стильдің өзіндік жақтарын көрсете отырып, шығармалардың эстетикалық және көркемдік мәнін ашу, кәсіби музыкалық жанрдың дәстүрлі және жаңашылдық мәселелері туралы жазды.

Ахметованың қаламынан сондай-ақ, қазақ халық әндерінің көкейтесті мәселелеріне арналған ірі монографиялар дүниеге келді. Шығармалары:“Қазақтың әндері”, ”Ән және қазіргі заман”, ”Қазақтың ән мәдениетінің дәстүрі”, ”Музыканың сұлу әлемі” және т. б.