Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Шығыс моншасы   (XVI - XVIII ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Рахмадиев Еркеғали

Еркеғали Рахмадиев

Еркеғали  Рахмадиев

Рахмадиев Еркеғали- композитор, ССРО халыҚ артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. 1932 ж. Семей облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген.

Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”,“Дала таңы”,“Алпамыс” опералары, “Дайрабай”,“Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.