Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Мақұл Там   (XIX ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Брусиловский Евгений Григорьевич

Евгений Григорьевич Брусиловский

Евгений Григорьевич Брусиловский

Брусиловский Евгений Григорьевич (1905-1982)- композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н.Бөкейханов, Л.Мұхитов, М.Бөкейханов, И.Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата - ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант.

Ол - “Қыз Жібек”,“Жалбыр”, “Ер Тарғын” операларының, “Сары-арқа”, “Целинная”, “Құрманғазы” симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50 - ден аса әндер мен романстардың авторы. Е.Г. Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е.Г.Брусиловскийдің еңбегі зор.