Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Ботай қонысын зерттеу

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Жақанов Илья

Илья Жақанов

Илья  Жақанов

Жақанов Илья - композитор, жазушы, публицист, музыка танушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1936 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. С.М. Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Жақанов ҚазССР Министрлер Кеңесінің теледидар мен радио жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде еркін шығармашылықпен айналысуда. І. Жақановтың әндері жастар арасында жақсы танымал. Ол “Алматы кешінде”, “Асылым”, “Жайлаукөл кештері” және т.б. әндердің авторы “Екі жирен”, “Бірінші концерт” әңгімелер жинағының, “Аққулар қонған айдын көл”, “Ықылас” романының музыка және музыканттар туралы зерттеулердің авторы. «Асылым» әні мен сөзі І. Жақановтікі орынд. Қ. Байбосынов.