Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Талдысай қонысы   (XX - XXI BC)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Күмісбеков Кенжебек

Кенжебек Күмісбеков

Кенжебек  Күмісбеков

Күмісбеков Кенжебек (1927-1987)- композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР-нің өнер қайраткері, ҚазССР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор.Музыкалық білімді Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында алған, ол алғашында вокальды факультетте, кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра класы бойынша халық аспаптар факультетінде оқиды. 1965 ж. профессор Е.Г.Брусиловскийдің композиция класы бойынша консерваторияны екінші рет бітіреді.

Халық музыкасының үлгілерін жете меңгеріп, кәсіби композиторлық техниканы игеруі Күмісбеков шығармашылығының негізгі бағыттарын анықтады. “Ықылас туралы поэма”, “Қорқыт туралы аңыз”, “Ой толқыны”, “Дала сыры”, “Фараби сазы”, “Шалқыма” сияқты оркестрлік поэмалары композитордың халықтық-эпикалық бағыттағы әуен ерекшелігін көрсетеді.