Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Айша-Бибі кесенесі   (XII - XIII ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Меңдіғалиев Нағым

Нағым Меңдіғалиев

Нағым  Меңдіғалиев

Меңдіғалиев Нағым- композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, профессор. 1921 жылы Орал облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын фортепиано (доцент Е. Ф. Гировскийдің класы) және композиция (профессор Е. Г. Брусиловскийдің) екі мамандығы бойынша бітірген.

Меңдіғалиев атымен қазақ музыкасында фортепианолық музыка жанрының қалыптасуындағы жетістіктер тығыз байланысты. Бірінші кәсіби пианист - қазақ, ол көптеген миниатюралардың, фортепианоға арналған алғашқы концерттердің авторы, оның шығармалары музыкалық мектептер, училищелер мен консерваториялардың оқу-әдістемелік репертуарына еніп, тыңдаушы аудиториясының ықыласына ие болды. Оның “Домбыра туралы аңыз” атты концерттік пьесасы қазақтың фортепианолық музыкасының көрнекті бетіне айналды. Оның “Дала”, “Толқын”, “Елім-ай” шығармаларына жылы және шыншыл лирика тән.