Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Қызыл Кент сарайының ескі орны

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Қазанғапұлы Тәттімбет

Тәттімбет Қазанғапұлы

Тәттімбет   Қазанғапұлы

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - күйші, домбырашы “шертпе” күйді орындау мектебінің негізін салушылардың бірі. Тәттімбет тақырыбы әрқилы “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сары өзен”, “Терісқақпай”, “Былқылдақ”, “Боз айғыр”, “Балбырауын”, “Қара жорға” және т. б. Тәттімбет күйлері лирикалық негізді тереңдігімен, сезімнің дарқандығымен ерекшеленеді.

 

Тәттімбет шығармаларының музыкалық тілі орындау мәнерінің күрделілігіне, дербес өзіндік баяндауға негізделген, жеңіл қабылданады. Тәттімбет өмірге қарым-қатынас пендешіліктен ада тұратын адамдық биік ой-толғам тән “шертпе” күй өкілдерінің бірі. Тәттімбет шығармашылығының шыңы “Көкейкесті” күйі, ол композитордың өмірінің соңғы жылдарында жазылған. Онда халықтың рухани өмірі , ғасырлық көркемдік тәжірбиесі көрсетілген. 1855 ж. Петербургте Тәттімбет Александр II таққа отырғызу салтанатына Ресейдің өнер өкілдерімен бірге қатысты. Тәттімбет Петербургті қайталанбас өнерімен тәнті қылып, күміс медальға ұсынылады.

 

Қазіргі кезде Тәттімбеттің творчестволық музыкасын насихаттау мен орындаушылар Қатарында А. Хасенов, М. Хамзин, У. Бекеновтың есімдерін атауға >болады. Тәттімбеттің көптеген күйі камералық-аспаптық, симфониялық, опералық шығармаларда қолданылды. Мысалы: Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”,“Қосбасар”,“Жамбыл” фильмінде “Саржайлау” күйі пайдаланылды. М. Сағатов эстрадалық оркестрдің сүйемелдеуімен “Сылқылдақ” күйінің негізінде үрмелі аспапқа арналған пьеса жазды.

 

1971 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында “шертпе” мәнеріне оқытатын сынып бар. Ол Тәттімбет мектебінің орындау дәстүрі негізінде тәрбиелейді.