Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Ұлытау

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Момбеков Төлеген

Төлеген Момбеков

Төлеген  Момбеков

Момбеков Төлеген - домбырашы, композитор күйші, ҚазССР- нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1918 жылы Шымкент облысында туған. Төлеген Момбековтың алғашқы ұстазы оның атасы, белгілі күйші Бапыш Қожамжаров, мұнан соң ол композитор күйші Сүгір Әлиевтің орындау мәнерінен үйренеді.

Оның “Тел қоңыр”, “Бес жорға”, “Шалқыма”, күйлерін орындауда ол жаңа стильдік жаңалықтар ендірді. Төлеген Момбеков “Салтанат”, “Мешін”, “Қат-қабат”, “Анама”, “Қоштасу”, “Қаратау шертпесі” сияқты күйлердің авторы, бұлар халық арасында кең танымал. Момбековтың шығармалары “Отырар сазы” фольклорлық этнографиялық оркестрінің, “Сазген”, “Шертер” ансамбльдерінің репертуарына кірді. Төлеген Момбеков Тәттімбет, Сүгір және тағы басқа халық композиторларының музыкалық дәстүрін жаңа биікке көтерді.