Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның атақты ақындар, күйшілер, композиторлар, әншілер

Берел қорымы   (III - IV BC)

Басты бет - Мәдени мұра - Асыл мұра - Жабаев Жамбыл

Жамбыл Жабаев

Жамбыл   Жабаев

Жамбыл Жабаев (1846-1945) - акын-импровизатор, жыршы, жырау. Первым наставником в его творчестве был акын Суюнбай Аронов, у которого юный Жамбыл учился искусству поэтической импровизации и освоил лучшие произведения из его репертуара. Широко известным Жамбыл Жабаев стал в 16—17 лет, когда участвуя в айтысах смог придать традиционному песенному состязанию острое социальное звучание. В своих импровизациях он затрагивал вопросы бесправия простого народа, призывая его бороться за свободу.

Центральными темами творчества Жабаева были независимость и единство народа, а также воспевание подвигов батыров, защищавших его. Данная тема прослеживается в  героических поэмах Жамбыла  -  “Сұраншы батыр”, “Саурық батыр”, “Өтеген батыр”, “Алатай — Жапарқұл”.  Жамбыл Жабаев принимал активное участие в национально-освободительном движении 1916.  Сохранились только две поэмы того периода: “Патша әмiрi тарылды” (“Тиски царского указа”) и “Зiлдi бұйрық” (“Зловещий указ”). В советское время Жабаев воспевал любовь к земле, труд, пропагандировал гуманистические идеи. В годы Великой Отечественной войны его патриотические песни “Ленинградцы, дети мои”, “Письмо фронту”, “Наказ Родины” поднимали дух воинов и воодушевляли тружеников тыла. В художественной литературе создан образ Жабаева, о нем снят художественный фильм. Творчеству акына посвященный монографии, статьи. Высокую оценку творчеству Жабаева дали Р.Роллан, М.Андерсен-Нексе, К.С. Причард.

Жамбыл Жабаев (1846-1945)   - ақын, жыршы, жырау. Туған жері – Жамбыл облысындағы.Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.

Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

Асан Кайгы (конец XIV - 60 г. X V вв.) - жырау, поэт-философ, известный как советник одного из основателей Казахского ханства — хана Жанибека. Основное место в его творчестве занимали философско-дидактические жанры: толгау, терме, назидания и афоризмы.

Несмотря на то, что Асан Кайгы был исторической личностью, он приобрёл в народной памяти легендарные и даже сказочно-мифологические черты. Наиболее популярной является легенда о поисках Асаном Кайгы обетованной земли Жер-Уюк с обильными пастбищами и полноводными реками, где водятся множество зверей и рыб, а люди живут без горя и нужды, вражды и угнетения. На быстрой, как ветер, верблюдице Желмая он объездил все стороны света, однако нигде не смог найти Жер-Уюк. Эта социально-утопическая легенда отражает конкретную историческую ситуацию середины XV века, когда усилившиеся после распада Золотой Орды и Белой Орды междоусобицы вызвали массовую откочёвку казахских родов и племён из Восточного Дешт-и-Кыпчака в Западное Семиречье. Асан Кайгы был советником одного из возглавивших это движение султанов — Жанибека, поэтому он вошёл в народное сознание как неутомимый искатель счастливой земли, выразитель надежд простых людей на новую жизнь.


Собиранием его произведений занимались учёные-востоковеды Ч. Ч. Валиханов, Г. Н. Потанин, поэт М. Ж. Копеев и другие. Начало изданию поэтического наследия Асана кайгы было положено в XIX веке, значительный вклад в данном направлении внесли советские писатели С. Сейфуллин, М. О. Ауэзов и другие.

АСАН ҚАЙҒЫ (XIV ғ. соңғы ширегі - XV ғ. 60 - жылдары) - жыраулық дәстүрдің алғашқы өкілдерінің бірі, ақын, философ. Алтын Орда ханының қарашасы, 1456 жылы Жетісудың батысында Қазақ хандығын қүрған Керей мен Жәнібек сұлтандардың кеңесшісі болған. Асан қайғы қазақ руы мен тайпаларының бірігуін жақтаған. Ол тарихи тулға болғанымен, халық санасында аңыз-әңгіме, миф кейіпкері ретінде де қалыптасқан. Асан қайғы жырау журтқа қажетті шурайлы қоныс, жақсы мекен-жай «Жерүйықты» іздеуші ретінде бейнеленіп, өлеңдерінде халық үміті мен арманын жүзеге асыратын қамқоршы ретінде суреттеледі. Оның толғаулары қанатты және нақыл сөздерге бай. Шығармалары философиялық-дидактикалық сипатта болып, терме, шешендік, афоризмдер түрғысында болып келеді. Асан қайғы шығармаларын жинаумен Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, М.Ж.Көпеев сияқты шығыстанушы ғалымдар айналысқан.

Бухар жырау (1693–1787)  - акын, жырау, видный представитель казахского устно-поэтического творчества. Бухар жырау наиболее известен как певец и советник хана Среднего жуза Абылая. В своих песнях-толгау акын касался  актуальных вопросов своего времени и пытался на них ответить.

В «Годы великого бедствия» (Ақтабан шұбырынды) и нашествия джунгаров, Бухар жырау  призывал к созданию объединённого казахского ханства. Он возлагал большие надежды на Абылай хана, что нашло выражение в  стихотворениях «Благопожелание», «Абылай, ты в 11 лет», «Когда я тебя увидел», «Безмятежно спишь, хан мой» . В то же время  он мог обличать деспотичность, алчность, правителя, требуя внимания к нуждам народа в таких стихах как : «Я говорю» и «Позаботься о своём народе» . Бухар жырау указывал на необходимость мира с Россией в стихотворении «При хане Абылае». Во многих своих толгау поэт поднимает морально-этические проблемы о взаимоотношениях людей, о будущем : «Если не отвечу хану», «Через 12 месяцев вернётся лето».

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Жырау қазақ халқының жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білген. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салған. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналған. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап калатын көсем тұрғысында үлкен сенім артқан. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет еткен. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғаған. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы.