Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Жамбыл Жабаев ескерткіші

Абат-Байтақ кесенесі XIV - XV ғасыр

 

Хобда ауданының Абат-Байтақ Кесенесі ХІХ ғ. Талдысай аулынан оңтүстікке қарай 12-шақырым жерде құрамына XVII-XIX ғасырдың Абат-байтақ кесенесі 200-ден астам құлпытастар кіретін Абат-Байтақ зираты орналасқан.

 

Абат-Байтақ кесенесін зерттеу 1979 жылы жүргізілді. 1983 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2004 жылғы өлшем бойынша көлемі 9,66х12,43 м. Кесене биіктігі 11,65м. 

 

Құрылыс фундаментсіз салынған қаланған кірпіш астында тас төселген. Кесене ішіне археологиялық тазалау жұмыстары жүргізілген соң әр түрлі көлемдегі көміліп қалған күйдірілген кірпіштермен қаланған тұстары табылды.

 

Кесене қабырғалары күйдірілген және шикі кірпіштермен байланып қаланған. Олар зиратхана мен оңтүстік қабырғаларынан көрініс табады. Терезе алдарындағы қабырғаларымен зиратхананың дөңгелек қабырғалары 2,2м. Күйген және шикі кірпіштердің көлемі бірдей-24х24х5 см.

 

Бұл нысан да жөндетіп пайдаланылуға берілді.

Видео: Абат-Байтақ кесенесі