Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Қараман-ата қорымының ескерткіштері   (XII - XVII ғасыр)

Ботағай кесенесі XI - XII ғасыр

 

Ботағай кесенесі - ерте замандардан келе жатқан бай тарихымыздың куәгері. Сонымен қатар бұл Қазақстандағы ортағасырлық жалғыз кесене. Осы бір Ботағай Кесенесі көптеген елдің айтуына қарағанда Қазақстандағы сәулет-құрылыс өнерінің қайталанбас үлгісі болып табылады. Бұл ұсыныс Совет дәуірінің 80-ші жылдарында айтылса керек, осы жобаның авторы Ботағай кесененің қайта қалпына келтіруді ұсынған.

Бұл жоба Ботағай Кесенесінің орналасқан жерімен тығыз байланысты. Кесене Астана қаласының батысынан 120 шақырым жерде жатқан қала типтес Қорғалжын ауылында орналасқан. XIX ғасыр ортасы кезінде кесене қалыпты жағдайда болған, кейіннен ескірген. 1974 жылы Ботағай кесенесін қазушылар оның көлемін 21,0х17,4м деп анықтаған және күйдірілген қызыл кірпіштен салынған, кесене аймағына да кірпіш төселген.

Сондай-ақ терракты оюлы плиткалар табылған. Содан кейін екінші рет археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген жоқ.
Сәулет құрылыс өнерінің қайталанбас үлгісі болған Ботағай кесенесін, басқа да сәулет және археология ескерткіштері сияқты туризм нысанына айналдыру мақсатында жөндеп қалпына келтіру. Қорғалжын табиғи қорығын «Қорғалжын тарихи-табиғи қорығы» деп өзгертуге болар еді.