Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Айқожа кесенесі   (XVI - XVII ғасыр)

Қайлық қаласы, Талғар XI - XIII ғасыр

 

Антоновка қалашығы – ортағасырлық Қаялық (Қойлық) Іле жазығының ең ірі қалажұрты Қойлық (Антоновка) ауылының (Алматы облысы, Сарқант ауданы) шығыс шетінде, Талдықорған қаласының солтүстік-шығысында 190 км жерде, Ащы Бұлақ өзенінің жағасында орналасқан.  Қазақстанның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тән қаланың үшбөлікті құрылымын төмендегіше сипаттауға болады: ені 11-13 м-ге жайылған, биіктігі 2-2,5 м-ге сақталған, таспалық құю тәсілімен саздан жасалған мықты сыртқы қабырғалары пішіні төртбұрыштылау болып келген шахристанды және рабадтың бір бөлігін қоршаған. Жалпы ауданы 90 га.

 

Қалашық X ғ. – XIII ғ. басындағы деректерде қарлық жабғуларының астанасы ретінде белгілі.

 

Қалашықты археологиялық тұрғыдан зерттеу 1964 жылы басталып, К.М.Байпақовтың басшылығымен бірқатар шурф салынып, қалашықтың жоспары түсірілді. Жұмыстар 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының аясында жалғасын тауып, «будда ғибадатханасы» деп анықталған нысан, сонымен қатар, қалашық цитаделінде орналасқан тұрғын жай аршылды. 1999-2000 жж. жұмыстар қалажұрттың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, шартты түрде «бай кісінің тұрғын жайы» деп аталған нысанда жүргізілді. 2001 жылы «хаммам» типіндегі қыштан соғылған монша аршылды, бос қалған қалашықта салынған кесене зерттелді. 2002-2003 жж. жұмыстар стритиграфияны зерттеуге, ескерткіштің үшөлшемді топографиялық негізін жасауға, сонымен қатар, «будда ғибадатханасында» жүргізілген консервациялық шаралар мен мониторингке бағытталды.

 

2004 және 2005 жылдардағы далалық маусымдар бағаналы типтегі жұма мешіті, «манихей» ғибадатханасын», фасадтары әсем оймыш терракоталармен безендірілген кесенелер мен олардың маңындағы ханаканы ашумен ерекшеленді. Қоғамдық сипаттағы құрылыстар кешені 2006-2007 жылдардағы зерттеулер барысында бірегей материалдар берді. Ашылған ескерткіштер көлемді археологиялық-музейлендіру зерттеулерін бастауға мүмкіндік береді.

 

Антоновка қалашығының бірегей нысандары өте жақсы сақталған және оларды консервациялау мен музейлендеру туристерді тартуға және аймақты еліміздің туристік инфраструктурасына енгізуге септігін тигізеді.

 

Ортағасырлық Талхир қаласы - Алматы қаласынан 25 шақырым шығысқа қарай, қазіргі Талғар қаласының оңтүстік жағында орналасқан. Бұл - Іле жазығының ең ірі қалаларының бірі. Цетадельдің қамалмен қоршалып, сақталған бөлігі – 9 га. Ортағасырлық қаланың қалған бөлігі – 20 га жуық аумақ қазіргі заманғы құрылыстар астында қалған.

 

Талхир - Талғар ірі әкімшілік, саяси, сауда орны ретінде жазба деректерде Х ғ. көрсетіле бастады, ал қала VIII ғасырдан XIII ғасырдың аяғына дейін өмір сүрді. Соңғы 30 жылда тарих ғылымының докторы, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері Т.В. Савельеваның жетекшілік етуімен жүргізіліп жатқан далалық зерттеулер ортағасырлық қала құрылысы (тас қаланған магистральды және квартал аралық жолдар, магистральды жолдардың жиегінде тратуарлардың болуы), усадьбалық құрылыстар (тұрғын және шаруашылық жайлардың кешені, ауланың болуы), сауда, қолөнер және аббаттандырылудың дамуы (дамыған су жүргізу жүйесі, жекелеген санитарлы құрылымдар – септиктер, бірнеше түрлі ошақтар мен түтін өткізгіш каналдар-кандар түріндегі жылу жүйесінің болуы) бойынша ерекше материалдар берді. Шебер-зергерлер қолынан шыққан керамикалық және әйнек ыдыстардың коллекциясы, мыс және қола құйма бұйымдары, мүйіз бен сүйек бұйымдар зерттелінді, темір өңдеу өндірісінің қару-жарақ, ауыл шаруашылығы құралдары, әртүрлі қолөнер өндірісінің қолданатын құрал-жабдықтары түріндегі бай қоры жинақталды.

 

Темір өңдеу өндірісінің технологиясын зерттеу нәтижесі жергілікті өндіріске спецификалық ерекшеліктер тән екенін көрсетіп берді. Әлемдік мәні бар жаңалық: жергілікті қолөнершілер жоғарғы сутекті болат өндіруді білген және оны күнделікті қолданылатын берік қолөнер құрал-жабдықтарын жасау үшін пайдаланған.

 

Талғардың Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болғандығын импортты тауарлардың табылуы дәлелдейді. Олар - Иранның ыдысы мен шамшырағы, алтын жазулы жапон кеселері, Қытай мен Оңтүстік Кореяның бұйымдары – фарфор ыдыстар, Будданың сүйектен жасалған тұлғасы, қола айналар, тамақ ішуге арналған таяқшалар, тіс щеткалары, шашқа арналған сүйек қысқыштар, Индияның шахмат фигуралары.

 

Қала байланыстырушы аймақта орналасқан, бұл жерде көшпелілік пен отырықшы өмір салты тоғысып отырған. Мал шаруашылығы дамығандығын аулаларда орналасқан мал қамайтын албарлардың болуы дәлелдейді, сонымен қатар егін шаруашылығы мен бақша өсіру ісі де дамыған. Тұрғындар табиғи суару мен қатар жасанды ирригацияны да пайдаланған. Күріш күрмектері, мәдени қабаттар арасынан алма дәндері, жүзім мен өрік сүйектері де табылды.

 

Зерттеу әдістемесі - кең аймақта синхронды кесінділерді аршу, қазбаны қолмен тачка, күрек, тазалағыш құралдар арқылы жүргізу, артефактілерді фиксациялауға арналған жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтар (цифрлі, лазерлі аппаратуралар), құжаттауды жүргізу, консервация жүргізу үшін ұсыныстар беру, объектіні мұражайландыруға дайындау.