Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

ЕҰУнан Бозок қалашығы

Тамғалы петроглифі 

 

Материалдар Қазақстан Республикасы  Мәдени саясат пен өнертану институтымен ұсынылған. Қазақстанның қазіргі аймағында қырма өнерінен шыққан ежелгі ескерткіштер орналасқан. Петроглифтер (гректің «тас» пен «кесу»сөзінен шыққан) -  қырма суреттер. Бейнелі өнер түрі ретінде петроглифтер Қазақстан аймағында ежелде пайда болған. Көптеген тарихқа дейінгі шығармалар біздің күнге дейін жетіп, мәдениет туралы түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік беріп, ежелгі тайпа мен діни нанымдар рәсімін бейнеледі.

Қазақстандағы қырма бейнелері туралы ХI ғасырдың ғалымы әл-Бируни атап өткен, ол қимақтар еліндегі жұмбақ суреттерге жергілікті халық табынуын айтқан. Х1Х ғасырдағы  Семиречье мен Оңтүстік Казақстан петроглифтер шоғырланған ірі аудандар болып саналды. Өткен жүзжылдықтың 40-50 жылдарында республиканың шығысында республиканың шығысында Тарбағатай, Нарын, Қалба, Моңрақ, Сауыр тауларында «картиналар көрмесі» сериясы ашылады. Шығыс Қазақстан қырма суреттерге толы еді. Алайда, бұл өлкеде ешкім петроглифтермен айналыспады.

Белгілі де зерттелген петроглифтердің бірі Тамғалы болып саналады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Таңбалы деп шатқалды жергілікті халық атаған. Жартылай шөлейт аймақтарында орналасқан шатқалдың жылы мезгіл кезінде қалың бұтамен жабылып, көктемде гүлдерден көмкерілген кілем төселеді. Тамғалы тек табиғатымен қызықтырып қоймай, бұл жерден сирек өсімдіктер мен жабайы қасқыр, түлкі, қоян, тасбақа, жылан және балабан, сұңқар, дала бүркіті сынды құстарды кездестіруге болады. Бәрінен де адам қолынан туындаған Тамгалы петроглифы қызықтырады. Тамгалы – бұл ежелгі шығармашалық көрме, оның суреттерінде адамдар мен жануарлар, ежелгі адамдардың өмір қалпы суреттелген.

Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи «Тамғалы» қорығына 10 мультимедийлық энцеклопедиялар арналып, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «RGB-Studio» ЖШС-і құрған «Мультимедийлық энцеклопедия коллекциясына» енді.

Тамғалы шатқалындағы алғашқы петроглифтер 1957 жылы 19 қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна  Максимова жетекшілігіндегі ғылыми зерттеушілер тобынан шыққан А.А.Поповпен суретке түсірілді.

Ғылыми экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А. Г. Максимов пен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жерін жіті зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. А.Г. Максимов ашуға өз септігін қосқан ғалым ретінде шаттықтан күнделігінде жазбалар жүргізген. 1958 жылы А.Г. Максимовтың бірінші дүниесі «Тамғалы шатқалындағы қырма суреттер» жарық көреді, онда естеліктің жартығасырлық тарихы берілген.

1977-78 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеу А.Г.Максимов жетекшілігімен жалғасты. Біріншіден, Тамғалы аймағы толығымен зертеліп, петроглифтер жиналған негізгі орындардың кестесі құрылады.

1980 жылдардың аяғында ғылыми мақалалар мен қырма суреттерге байланысты Тамғалы зор танымалдыққа ие болып, шетелдік және отандық мамандардың назарын аударды.

1990-1994 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеген ғалымдар петроглифтерді сақтауда алға қойған есептері болды. «Тамғалы шатқалының қырма суреттері консервациясы» атты Мемлекеттік жоба қабылданып, мәліметтер қоры өңделіп,  петроглифтерді суреттейтін дала бейнелірінің 3000 суреті берілген.

Б.э.д, екінші мыңжылдықтың ортасындағы мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның бірі Күнбасты құдай. А. Г. Максимов, А.С. Ермолаев,  Н.  Марьяшевтың  «Тамғалы шатқалының қырма суреттері» кітабында Тамғалының күнбасты алыптары ежелгі антропоморфты құдайдың бейнесі болса керек деп жазған.

Петроглифтер бейнелері ішінде ежелгі құдайларды бейнелеген дөңгелек, тамға, дұға жазбалары, салттық билер көрінісі, керемет түйелер бейнесі, доңыздар болған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну, ата-баба рухына тағзым жасалды. Аспан астында біріккен сарай болды.

Суреттер – адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз.

Суреттер тақырыбы әртүрлі: адамдар, жануарлар, ат шабармандар, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбанды шалу рәсімі, салттық-жоралғылық билер. Ежелгі шеберлер тас заттарын тегістігіне қарай қолдануда, Күнге қарай төзімділігін үнемі ескеріп жүрген. Күн сәулесінің түсуі тәулікке қарай жылжып, суреттер түрлі-түсті болып көрінген. Петроглиф орындарының ыңғайлылығы сондай, бірнеше срует көруге мүмкіндік болатын. Алқап бойында шатқалды бірнеше суреттерін топтасқан түрде көріп, күрделі композицияларға біріліктірілгенін аңғаруға болады.Сол жерде акустика мықты, дауысты қатты шығармай-ақ 100 метрден қашық жерде естіледі.

Атқарылған жұмыстар Тамғалы петроглифтер кешенінің мәдени-тарихи маңыздылығын тереңдетсе керек.

1994 жылы петроглифтерді зерттеу қаржының жоқтығынан тоқтатылады. Алайда, Тамғалы петроглифтерінің танымалдылығынан 1995-2001 жылдар аралығында туристер ағымынан ескерткішті бақылау қиындап кетеді. Оның ақырында естеліктерге қауіп төнгені бар.

Тек 1998 жылы Тамғалы кешенінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңғырып, Қазақстанның мәдениет министрлігімен Тамғалы кешенін сақтау мен кешенді бағдарламасын өңдеу басталды. Сол жылы Тамғалыны Қазақстан атынан Юнесканың Әлемдік Мұралардың Алғашқы Тізіміне енгізу негіздемесі дайындалады.

1999 жылы Юнесконың Әлемдік Мұралар Комитеті Тамғалыны беделді ескерткіш ретінде 2001-2002 жылдарда номинацияға қосу қажет деп анықтайды. 2001 жылдың тамыз айында Қазақстан Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов пен Юнесконың Бас директоры К. Мацуура Тамғалы шатқалында болып, ескерткіш маңздылығын бағалап, Қазақстан мамандарының ескерткішке қолайлы жағдай туғызғанын көріп, тәнті болады. 2001 жылдың 5-қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тамғалы Археологиялық кешені республикалық маңзы бар ескерткіш мәртебесін алып, қорғау аймақтары белгіленіп, 2003 жылдың 14-қазанында № 1052  Үкіметтің арнайы қаулысымен Мәдениет министрлігінің қолдауымен Алматы облысы Тамғалы шатқалында 3,8 га жалпы ауданы бар «Тамғалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени, табиғи қорық-мұражай ашылады. Ескерткіш кешенінде 2-мыңжылдық бойы адамдармен қолданған молалар, петроглифтер, діни орындар орныққан.

Петроглифтер мерзімі  б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды.

Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Тамғалыда 5 000 суреттей бар.

Тамғалы – Балқаш бассейні аймағында Семиречьядағы 50 орталықтардың бірі Орталық Азия аясында ғана емес әлемдік масштабта ауқымдылығын таралды. Тамғалы петроглифтері сұлулығымен, кеңістік көрінісінде ежелгі адамның әлемді тануын білдіртеді.

2004 жылы Тамғалы археологиялық петроглифі Юнеско Әлемдік Мұралар Тізімі енген.

Юнеско қорғауындағы Тамғал ескерткіші әлемдік маңызы бар қазына болып табылады. 2006 жылдан Юнеско ескерткіш өмірінде белсенді қатысып келеді және оны сақтауда қолайлы орта туғызуда. Шатқал маңындағы қола дәуір молалары (б.э.д. ХI-Х ғғ) орналасып  ертедегі көшпенділер ( б.э.д III мен II ғғ.) және олардың қоныстары орын тепкен.

Тамғалы шатқалында мекендеген ежелгі адамдар табиғаттың көркем жерлерінде ерекше, қайталанбас ландшфатар енгізді. Тамғалы әлемдік танымал мұражай-қорығына «RGB-Studio» ЖШС-нің мультимедийлік энциклопедиясы арналған.

Видео: Тамғалы тас Петроглифтері