Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Мерке әулиесі

Айбас Дара археологиялық кешені XX ғасыр

 

Айбас Дарасы археологиялық кешені Қарағанды облысынан 180 шақырым жердегі Жезқазған қаласынан солтүстік-солтүстік батысқа қарай Ұлытау ауданында орналасқан. Кешен Айбас өзені бойында, оңтүстігінен Едіге тауы, ал шығыс солтүстік-шығысын айналдыра Ұлытау қоршаған.

 

Кешенде әр кезенің ескерткіштері: неолит тұрақтары, қола дәуірінің қоныстары мен қорымдары, темір дәуірі мен ортағасырдың және кейінгі ортағасырдың қалашықтары кездеседі.

 

Қорым 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының (ОҚАЭ) зерттеуімен ашылып, 1972 жылы Ә.Х.Марғұланның басқаруымен біршама зерттелді. 2004 жылы ОҚАЭ «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қорған-қошаулар, 2005 жылы қоныс орнына зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады

 

Айбас Дарасы кешеніндегі ең маңызды ескерткіштердің бірі – өзі аттас әлемнің төрт бұрышына қараған шаршы тәрізді тас қоршауы бар қорған-қоршау болып табылады. Қоршаудың сыртқы қабырғасының ұзындығы орташа есеппен 11,5 – 11,8 метр, қабырғалары бірнеше қатардан қаланып жасалған, ішкі жағындағы тас қоршаудың ұзындығы 2,7-ден 2,9 метр, ол тігінен гранит тасынан қойылған. Тас қоршау мен сыртқы қабырға арасы ашық және сыртқы қабырғасы бірнеше бөліктерден тұрады, ал ішкі жағын таспен қоршаған. Солтүстік-шығыс жағынан тас қоршауға баратын жол жасалынған. Ә.Х.Марғұланның пайымдауы бойынша қорған-қоршау кейінгі қола дәуіріне, яғни беғазы-дәндібай мәдениетіне жатады.