Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Баба-Ата кешені   (XVII ғасыр)

Беғазы өңіріндегі зерттеулер XIII - XIV ғасыр

 

2007жылғы далалық маусымында Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша«Сарыарқа» археологиялық экспедициясы Беғазы өңірінде зерттеу жұмыстарынжүргізді. Өлкеніалғашқы рет 1946 жылы Ә.Х.Марғұланның жетекшілігіндегі Орталық Қазақстанархеологиялық зерттеген. ОҚАЭ Беғазы қорымында арасына үзіліс салып 1947-1952жылдары андронов тарихи-мәдени қауымдастығының 18 қоршауы мен соңғы қоладәуірінің 6 тас кесенесін қазды.

 

САЭ атқарған жұмыстарының барысында қорымда андронов тарихи-мәдени қауымдастығының 50 қоршауы, соңғы қола дәуірінің 6 тас кесенесі мен ерте темір дәуірінің 12 нысаны есепке тіркеліп, олардың жекелей нақты сипаттамасы және аспаптық өлшемдері алынды. Сонымен қатар экспедиция Беғазы-3Б зиратында қазба жұмыстарын жүргізді.

 

Беғазы-3Б зиратының құрамына соңғы қола және ерте темір кезеңдерімен мерзімделетін жерлеу орындары және ғұрыптық құрылыстар кіреді. 2007 жылы қорымдағы соңғы қола дәуірінің 2 шаршы құрылысы /№№ 1,2,/ мен ерте темір дәуірінің №6 обасы зерттелді.

 

Соңғы қола дәуірінің екі құрылысына 268,5 кв.м қазба салынып, қазба ауданынан 2 негізгі құрылыс пен 3 қосымша құрылыс орындары, 4 шұңқыр анықталды. Қазба жұмысының деректік базасын № 2, 4, 5 құрылыстардан алынған қыштар; киіктің өңделген мүйізі, сүйектен жасалған ұршық құрайды. Табылған қыштар ескерткіштерді Беғазы-дәндібай дәуірінің доңғал сатысымен (б.з.д. 9-8 ғғ.) мерзімдеуге мүмкіндік берді.

 

№6 обадағы қазба жұмыстары кезінде қабыр түбінде екі адамның толығымен сақталған қаңқа сүйектері табылды. Заттай деректерден сол жақ қаңқаның бел тұсынан шыққан, қоладан құйылған айна бар. Табылған қола айнаның мерзімдемесі бойынша сақ дәуірінің №6 обасы б.з.д. 7-6 ғғ. жатқызылды. Бұл ескерткіш Орталық Қазақстанның тасмола мәдениетіне қарасты. Қорымдағы жұмыстар толығымен аяқталмағандықтан, алдағы далалық маусымда жалғастырылады. 

 

Беғазы зираты айрықша маңызы бар ескерткіш болғандықтан, оның төңірегіндегі осы мәдени кезеңмен байланысы бар жәдігерлердің деректемелік қорын жасау өзекті болмақ. Бұл тұрғыда САЭ зиратқа жақын жерде орналасқан 40-тан астам археологиялық нысандардың тізімдесін жасады. Аталған жұмыстардан басқа САЭ алдағы далалық зерттеу жұмыстары барысында беғазы-дәндібай мәдениетінің басқадай айрықша ескерткіштерінің аспаптық өлшемдерін алып, нақты сызбаларын, олардың қазіргі жағадайының сипаттамаларын дайындау жұмыстарын да атқармақ.