Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Үш-Арал мешіт-медресесі   (XIX ғасыр)

Талдысай қонысы  XX - XXI BC

 

Талдысай қонысы Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан 82 шақырым жердегі Ұлытау жазығындағы Талдысай (Бала-Жезді) және Жезді өзендерінің құяр сағасында өзі аттас ауыл маңында орналасқан. Талдысай қонысы қола дәуірінде Жезқазған мысын қорытатын орындардың бірі болған. 1992 жылдан бастап Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеуде. 2004-2006 жж. ескерткіш «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында зерттелді. Мыс рудасын өндірудегі және дайын бұйымдар туралы жаңа материалдар жинақталып, ғылыми айналымға енді.

 

Қоныс үш қазба орнымен зерттелуде. Көлемі жағынан үлкен әрі маңыздысы І қазба орны. Екі тұрғын үй кешені орналасқан шығыс және батыс учаскелерге бөлінген. Батыс тұрғын үй кешенінде (БТҮК) жартылый жерасты түріндегі үйдің шығыс, батыс және солтүстік бөліктерінің қабырғалары тазартылды. Солтүстік қазаншұңқырының қабырғасы сатылы болып келген. Арықтар мен шұңқырлар арқылы байланысып келген ошақ жүйесі бар БТҮК металлургиялық №2 шұңқыр пеш негізінен шахталық түрдегі және құдықпен байланысып жатыр. Шығыс участкеге қоса металлургиялық өндіріспен байланысы бар шығыс тұрғын үй кешені (ШТҮК) зерттелуде. Екі жылу арықшалары бар тұрғын шеберхананың батыс және солтүстік-батыс қабырғалары ашылды. Тұрғын шеберханадан 4 металлургиялық шұңқыр табылды, оның үшеуі зерттелініп, жер үсті жылу жүйесі бар шахталық түрдегі пеш екені анықталды. Шеберхананың өмір сүруі аяқталған кезде малды, кейде адамды да құрбандыққа шалатын болған.

 

ІІ қазба орны қоныстың батыс бөлігінде, ал ІІІ қазба орны қарсы жағындағы өзен жағасының шайып кеткен жеріне салынды. Осы кезеңге дейін 1600 шаршы метр аймақ ашылды.

 

Алғашқы жылдарда-ақ қоныстың аймағында бірнеше дүркін қоныстану болғандығы анықталды. Қазіргі таңда біз қоныстың екі кезеңде өмір сүргендігін толыққанды айта аламыз. Алғашқы кезең – металлургияның шарықтаған кезімен сай келсе, екінші кезеңі – мал шаруашылығының дамуымен сәйкес.

 

Қыш материалдар мен пышақтарды зерттей келе қоныстың ІІ мыңжылдықтың екінші жартысында пайда болып б.д. І-ІІ мыңжылдығында өмір сүруін тоқтатқан.