Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Ботай қонысын зерттеу

Домбауыл кесенесі 

 

Орналасуы: Ұлытау ауданы Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 58 км. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз. Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. 1946 ж ҚазССР ҒА Орталық Қазақстан археология экспедициясы /Ә.Х.Марғұлан/ ҚазССР Министрлер Кеңесі жанындағы сәулет ісі жөніндегі Басқарма өкілдері сәулетшілер М.Б.Левинсон және Г.Г.Герасимовпен бірлесіп кесенені зерттеді.

1973 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы кесенеге өлшеу, фотофиксация және топосъемка жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев). Кесене тас тақташалардан сазды ерітіндіде салынған. Ішкі бөлменің жоспары трапеция пішінді. Кіре беріс шығыс жаққа бағытталған. Конус тәрізді ғимараттың биіктігі 6м. Қабырғалардың қалыңдығы 2,5м. Жоспардағы сыртқы өлшем - 8,5х7,5м. Домбаул кесенесі - исламға дейінгі кезеңде Қазақстандағы тастан қаланған ірі құрылыстардың бірі. 1974 ж. қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: ғимараттың бұрыштары және кіреберістегі ойылған тесік жөнделді. Еденге тас тақталар төселді. Ғимараттың жан жағынан цемент төселді. Қалпына келтіру жобасының бас сәулетшісі М.А.Маманбаев. Негізгі библиография: 1. Ш.Ш.Уәлиханов. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.Ш.Алма-Ата, 1964. 2. Ә.Х.Марғұлан. Орталық Қазақстан археология экспедициясының жұмыстары туралы есеп 1947 ж Изв.АН КазССР №67 , сер.археол.вып., 2, 1948г. Г.Г.Герасимов. 3. Орталық Қазақстандағы Қара Кеңгір өзенінің аңғарындағы сәулет ескерткіштері. Алма-Ата, 1957 ж. 4. М.К.Сембин. Домбауыл кесенесі /тарихи анықтама /, архив НИПМ мұрағаты , 1974 ж. 5. А.К.Сембин. Жошы хан кесенесі (тарихи анықтама), 1976ж. НИПМ мұрағаты.