Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Алғашқы әскери училище ғимараты

Ұлытау 

 

Ұлытау – ежелгі заманның кене сырларын ішіне бүккен шежірелі өлке. Ол ежелгі де ералуан әдемі ескерткіштерінің көптігімен кім-кімді де тенті етеді. өзінің ғажайып сұлулығымен, құнарлығыменен бабаларымызды ынтықтырған қасиетті жерде палеолит, неолит дәуірлерінің туындысы – алғашқы адамдардың мыңдаған еңбек құралдарын әр бұлақтың маңынан, көгалды жазықтардан кездестіресіз.

Қаракеңгір өзені жағасындағы Дүзен мазарына жақын орналасқан палеолит дәуірінен қалған көнекөз шеберхана Қазақстандағы ең ірі де әйгілі ескерткіш санатында. Тас ғасырының мылқау куәлігі Жетіқоңыр археологтердің көп жылдардан бері назарында. Қола дәуірінің ескерткіштері – елді мекендер, мазарлар мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің асқақ кесенелері кез-келген өзен алқаптарынан кездеседі. Ежелгі патша әулеттері жерленген Айбас Дарасы, Үйтас-Айдос, Ақоба, Талдысай обалары көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің ынта-ықыласын ұдайы өзіне аударып отырса, Қорғасын елді мекеніне жақын орналасқан обалар мен Терісаққан өзені жанындағы Қараоба екі жарым мен жылдан аса уақыт бойы жолаушылар үшін қиыр далада қағылған қазықтай нақты нысана болып келеді.

«Мұртты» қорғандар – Ұлытаудағы таңдай қақтырар көрікті нысандар. Олардың құпиясы әлі күнге беймелім. Бұларды мазар үстіндегі ескерткіш дейміз бе, әл-де ежелгі расытхана дейміз бе - әйтеуір бұлардың қай-қайсысы да таңғажайып дүниелер. Классикалық үлгідегі осындай ескерткіштердің «мұрты» үнемі шығысқа қарап тұрады. Ұлытауда сақталған олардың кейбірі сан алуан бағдарымен, пішінімен, санының көптігімен таңғалдырады.

Жазық жерлерде орналасқан хундар дәуіріндегі әдемі шатқалды қорғандар өзінің асқақтығымен, сұлулығымен көзге түседі. Ежелгі түркі, оғыз – қыпшақтар мәдениетінің ізін де осы жерлерден ұшыратамыз. Арғанаты, Кішітау тауларындағы, Тілеуқабыл аңғары мен Қорғантас шатқалындағы түркінің айшықты тастарымен өрнектелген оба қоршаулары өз қалпында сақталған. «Балбал» деп аталатын кейбір сомтастар өрнегінің қатары кей жерлерде 250 метрге жетеді.

Ежелгі шеберлер қолымен тасқа қашалып салынған суреттердін тұтастай галереясы Ұлытаудың өзіндік мәдениетінің көрікті беттерін құрайды. Тіршілік ету, аң аулау бейнелері, ғажайып жануарлар әлемі, ежелгі адамдардың дүниетанымын танытатын суреттер тұтастан Теректі әулие, Зыңғыртас, Арғанаты таулары жартасында, Байқоңыр, Тамды, Жаңғабыл, Жетіқыз өзендерінің бойларында тұр. 

Бұл берекелі жер көшпелі тайпа көсемдерінің сүйікті мекені еді, ол қашанда қасиетті, әрі киелі қоныс саналған.

Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының бұл жерді тұрақты қоныс еткені тегін емес.

Ұлытау жерінде Шыңғыс ұрпақтарымен байланысты сәулеттік ескерткіштер жетерлік. Бұлар – Жошы, Құтлық-Темір, Болған ана, Келін-там мазарлары.

XIV ғасырда, шамамен VII-VIII ғасырларда өмір сүрген түркі руларының негізгі қалаушылардың бірі Алаша хан қаьіріне мазар тұрғызылды. Ұлытау тауы биігінің бірінде ұлы қолбасшы, саясаткер және шешен, Алтын орда әмірі Едіге жатыр. Оның аты Алтай, Орла, Солтүстік Кавказ, Қырым және Өзбекстан халықтарының батырлық әңгімелері мен эпостарында сақталған. Алтын Орданың жігерлі ханы Тоқтамысқа да Ұлытаудан топырақ бүйырған. Халық аңызы өмірінің соңғы кезеңінде қарапайым пенде болып, Египеттің ұлы билеушісі, қыпшақ Бейбарыс осы далаға оралғанын бүгінгі күнге жеткізді.ұлытау тарихының білгірі, академик Әлкей Марғұланның жазуынша, Туранның құдіретті ханы Афрасиаб өмірінің соңғы кезін Ұлытауда өткізген.

Құдіретті Ақсақ Темір қзінің Ұлытауда болғаны туралы Алтыншоқы тауында тасқа қашап белгі қалдырған. Ұлытаудың ғажайып гранит шыңдары Бұқар ханыАбдоллахты және Құдияр ханның қоқандық жауынгерлерін ұмытқан жоқ. Монғолдардың тұрақты қоңысы – Қарақорымға беттеген ортағасырлық көптеген еуропалық және орыс елшілері Ұлытау бұлағының суын ішіп, шөлін басты.

Кетбұғы, Керей, Жәнібек, Қасым, Тәуке, Барақ, Көшім, Абылай, Әбілқайыр, Ақжол би, Қазыбек би және т.б. тарихи тұлғалардың қмірбаяны Ұлытау атымен байланысты.

Б. С. Қожахметов