Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Жошы хан кесенесі

Жұбан-Ана кесенесі X - XI ғасыр

 

Орналасуы: Жаңаарқа ауданы, Мыңадыр бекетінен екі км қашықтықта. Автор, салушы және пайда болу тарихы белгісіз. Кесене туралы алғашқы жазбаша еске алу П.И.Рычковтың 1762 жылы жарық көрген «Топография Оренбургская» атты еңбегінде бар. Орталық Қазақстанда ешқашан болмаған П.И.Рычковтың ескерткішті сипаттап жазуы түпнұсқадан алынған.

1863 жылы тұңғыш рет Шоқан Уәлиханов кесененің жоспарын түсіріп, суретін салды. 1946 жылы кесенені ҚазССР ғылым Акакдемиясы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеді. (Ә.Х.Марғұлан). 1974 ж. ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы ескерткішке өлшеу және фотофиксация жұмыстарын жүргізді. (М.А.Маманбаев, М.К.Сембин, М.С.Нұрқабаев). Кесене бір камералы күмбезді құрылыс, жоспарда шаршы пішінді болып келеді. Кіре беріс есік шошақ аркалы және оңтүстік шығысқа бағытталған. Ескерткіштің негізгі көтергіш құрылымдары күйдірілген және дымқыл кірпіштерден жасалған және үш қабатты жүйе болып табылады. Құрылыс сазды ерітіндіде жүргізілді. Кесененің өлшемдері жоспарда 6х5,8м, күмбездің төбесіне дейінгі биіктік 5,5м, кесененің көлемі 190м3. Негізгі библиография: 1. П.И.Рычков. Топография Оренбургская. ч.П, 1762г. 2. Ш.Ш.Уәлиханов. Собрание соч. в пяти томах. т.Ш, Алма-Ата, 1964г. 3. Ә.Х.Марғұлан. Археологические разведки в бассейне реки Сары-Су /Из отчета экспедиции 1946г./. Вестник АН КазССР, №7, 1947г. 4. М.К.Сембин, Мавзолей Жубан-Ана /историческая справка/. Архив НИПМ.