Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Шірік Рабат   (IV - II BC)

Тоқсанбай қонысы XXX - XX BC

 

Қалалық кезеңге дейінгі Тоқсанбай қонысының қазба көлемі 200 м2 және б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдыққа жатады. Қоныс Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Тұрыш ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 120 км жерде, Тоқсанбай шатқалында орналасқан. Аталған археологиялық ескерткіш ерте қола дәуіріне жатқызылып, ол радиоуглеродтық талдауларға қарағанда 4000 жыл бұрын пайда болған.

 

Өткен ғасырдың 90-жылдары басында табылған бұл ескерткіш көпқабатты бекіністі қоныс болып табылады. Мәдени қабаты 4 м. Қоныстан алынған материал оның тұрғындарының шаруашылық қызметінің көп салалы болғандығын көрсетеді. Сыйыну кешені бар тұрғын үй құрылыстары қалдықтарының, меаллургиялық, қыш және тері өңдеу өндірістері қалдықтарының табылуы өндіруші күштердің біршама жоғары деңгейінен хабар береді. Қазбаның жалпы көлемі, өткен уақыттарда 150 шаршы метр құрады, тереңдігі 0,7 метрден 4 м дейін жетті. Ескерткіштің стратиграфиясы мен алынған материалдары қоныстың көптеген ғасырлар бойы пайдаланылғандығын көрсетеді, бұл тұрғын үй бөлмелеріндегі жөндеу жүргізілген іздердің анықталуымен нақтыланады.