Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Бөріжар

Бекет- ата ескерткіші 

 

Бекет- ата ескерткіші – Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. XIX ғасырларда Үстіртті зерттеген типограф Э. Эверсман, А. Дюгаиель сияқты ғалымдар аңыз – әңгімелерді негізінде жинаған деректерін жазып қалырған. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш – төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған, бұлақтар, құдықтар бар. Бекет ата ескерткіші – дарынды сәулеткерліктің, биік талғамның куәсі.

Видео: Бекет ата жерасты мешіті