Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Берел бейіті   (IV - V BC)

Ботай мекені 

 

 

Ботай археологиялық ескерткіші 1980 жылы ашылды. Ол біздің облыстың шығысында Айыртау ауданында орналасқан. Қоныс ауданы 15 гектар.Археологтарды бұзылған тұрғын-жайлардан қалған ойпаттар қызықтырды. Қазбалар археологтардың күтпеген нәтижелерге кенелтті.

 

Қонысқа 250-дей тұрғын-жай салынады. Ғалымдар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алады. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып алынды. Қазан шұңқыр тереңдігі 60-80 см, ауданы – 30-дан 70 кв. м. Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі – 60-тан 100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден, қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады.

 

Қайта тұрғызу сараптама жолы арқылы жүргізілді. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғын-жайдың үстіне ежелегі ботай тұрғын-жайы салынады. Қайта тұрғызу өз-өзін анықтады. Жазда сараптамалық тұрғын-жайда суық әрі құрғақ болатын. Күз-қыс мерзімінде температурасы бір қалыптан түспеді. Тұрғын-жайды тұрақты түрде күтім жасағандықтан, адамдарға қапталған сыртының беріктігіне қарай тұруға қолайлық жасады (кем дегенде 15-20 жыл). Әрине, жыл сайын қабырға, қазан ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырды.

 

Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрды. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген.

 

«Шұңқыр-консервілерде» ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 м дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады.

 

Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған.

 

Кремнийден жебе, садақ, пышақ, найза ұштықтары дайындалды. Жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігугег арналған инелер.

 

Тамақ сүт, ет, балықтан және өсімдіктерден тұрді.Бұны ғалымдар ыдыстарға химиялық талдау жасағанда анықтаған.

 

Бірінші күні ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырды. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада үрген, жабайы жануар местін. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Бұл нағыз сенсация еді! Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді.Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған.

 

Солтүстік Қазақстан экспедициясының жетекшісі В.Ф.Зайберт Англияның Кембридж университетіне Ботай қонысы бойынша лекция өткізуге шақырылды.

 

Ғалымдар Ботайды 28 жыл бойы зерттеді. Оншақты мақала жазылып, кітаптар басылды.

 

Алайда, Ботай жері сақтаған жұмбақтар әліде бар. Әлі де ежелгі адамдардың тайпалас адамдарды қалай жерлегені анықталмаған. Бірнеше ежелгі адамдардың қалдықтары табылып, археологтарға жаңа жұмбақтарға кенелтті. Олар бұзылған тұрғын-жайлардан табылды. Әсіресе, аібір адамның бас қаңқасы қызығушылық туғызды. Ол қазірде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экспозицияда тұр. Қаңқаның желке тұсында екі тесік 14-16 жасында жасалған кейін әлгі адам 20-25 жыл өмір сүрген. Тесіктер адам миына зақым келтірмеген. Сондағысы тас пышақпен жасалғаны ғой. Бұл хирургиялық операция болғаны ма? Ежелде адам анатомиясын білгені соншалық, күрделі операцияға қолы барған. Ғалымдар бұны жасаған қатардағы адам емес, шаман, әулие, абыз екен деген пікірге саяды. Адам басындағы тесіктер қатты ауруға душар қылып, сандыраққа ұшыратқан. Ежелгі адамдар мұны аруақпен тілдесіп, табиғаттың керемет күшімен байланысқа түсті деп түсінген. Адам о дүниелік болғанда, саздан маска жасаған. Өлік тұрғын-жай кіреберісінде жерленген. Мүмкін, бұл рәсім үй ішінде жайлылық сақтайды деген түсініктен шығар.

 

Ботай жеріндегі қазбалар жалғасуда. Жер әліде жұмбақтарын сақтауда. Біз көптеген жаңалықтарға жолығуымыз да ықтимал. Әліде 60 мыңнан астам өмір сүрген адамдарға таңданыс білдіреміз. Өкінішке орай, ежелгі адамның не ойлағанын, не армандағанын біле алмаспыз.