Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Қызыл Кент сарайының ескі орны

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Қарасай, Ағынтай батыр ескерткіштері

Қарасай, Ағынтай батыр ескерткіштері 

 

Ескерткіш Мәдениет ауыланан қашық емес жерде орналасқан кешен, әрі 1999 жылы 15-қазанда атақты батыр, Қазақ хандығы тәуелсіздігі үшін күрескен ерлерге арнап ашылған. Композициялық кешен ежелгітүрік қағандарының дәстүрін кешенді түрде дамытты. Жалпы кешен Меккеге бағытталып, мешіт михрабына шығыңқыған. Шеңберге кіру кірпіш дуалдармен қоршалып, намаз оқу және құрбандық шалуға арналған кесене алдындағы алаңға апарып, екі мұнарамен оқшауланған.

Алаң бұрышында әскери жарақтар символы мен металдық заттан жасалған қола ұстарасы бар айқасқан найзалар бейнесі мәрмәртаста басылған. Шеңбердің ортасында Солтүстік қазақстанға тән эллипсоидық суреттемелері бар батырлардың мазары орнатылған. Оның алдында архитектуралық тұрғыдан біріктіретін конусбейнелі мешіт тұрғызылған. Ортасында кесенелер арасында кішігірім қабырғасында батырлардың жауынгерлік ісін жеткізетін мәтіндердің үш тілде оймаланған пинакотека-залы бар. Кесенелердің көлемі көзтартарлық, жоғарғы бөлігі керамикалық құймамен көмкерілген күмбезбен және металдық каркастағы алтымиллиметрлі шынымен жабдықталған. Шыны мен қабырға арасында ауатазартқыш тесігі арқылы күмбезді құрғату жайы қарастырылған. Кесене есіктері металдан жасалған. Онда Құран сөрелері берілген. Интерьер бөліктерінде қыш кірпіштер, құры мен қордай граниті қолданылған. Молалар автор шаблондарымен жылтыратқан қызыл, қордай гранитінен және құлпытас, қойтас орнатудың түркі дәстүрі бойынша жалғасқан. Әрбір молада шырақ қойылған, шырақты жағуда келушілер аруақтарға көмекке жүгінген.

Басқа молалар тротуарлық плитамен, металдық бөлшектермен көмкеріліп отырған. Мемориалдың негізгі конструкциясы италья технологиясы бойынша жасалған. Қабырға үстінде монолиттік темірбетондық белдіктер күмбездерді жіктеу үшін салынған. Күмбезаралық ғимараттар гидроизоляция қабатымен жабылып, кірпіштің қорғау қабатымен қапталған. Ауданның едені мен үсті кесене алдындағы тротуарлық тақтайшамен жасалған. 

Кешеннің негізгі элементтері: кесене биіктігі 16 м, мешіт - 12 м; құрылыс жоспарындағы өлшемдер 19х13,5 м; қоршаудың айналасындағы диаметрі - 27 м. Кешеннің архитекторлары Б. Ыбраев пен С. Ағытаев.

Қарасай мен Ағынтай батыр ескерткіші

2-маусымда 1999 жылы Н.Погодин атындағы орыс драмалық театры алаңында Қарасай мен Ағынтай батырларының қола мемориалы орнатылған. (авторы – мүсінші Б.С. Досжанов, ескерткішті өңдеу ҚР Суретшілер одағы ұжымының басқармасымен орындалды). 

Күртті граниттен жасалған постаментте бірлік пен тұтастықты білдіретін, батырлардың толықтай жарақтанған қола мүсіні орнатылған.

Видео: Қарасай және Ағынтай батырлар мемориалдық кешені