Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Айбас Дара археологиялық кешені   (XX ғасыр)

Берел қорымы III - IV BC

 

Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысы Катон қарағай ауданының Берел ауылынан 7 шақырым оңтүстік батысында орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел жєне Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оњтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан. Ескерткіштің координаттары: 490 20 с.е., 860 22 ш.б. Обалар Бұқтырма өзенінен 40-45 м. биік жатқан үшінші террассасында шоғырланған.

 

Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.

 

Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғғ. үйілген (2400-2300 ж. бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғғ. (1200-1300 ж. бұрын).

 

Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды.

 

Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған.

 

Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНК-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды.