Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Қызыл Кент сарайының ескі орны

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары 

 

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылы маңында ғашықтардың мазары бүгінде Х-ХI ғасырдың мемориал-ескерткіші ретінде орнатылған. Бір зерттеушілердің пікірінше, ол V-X ғасырда көтерілсе, басқалардың пікірінше X-XI ғасырда орнатылған деседі. Лиро-эпостық поэманың кейіпкерлерімен байланысқан мазар біздің күнге дейін жеткен ежелгі Қазақстан ескерткіші болып табылады. Жалпы биіктігі 11,65 м. Ескі құрылысқа көпшілігі қызығушылық білдірді.

XIX ғасырдың соңғы зерттеулері бойынша кейбір зерттеушілердің жазбалары сақталған. Мәселен, Ш.Уалиханов 1856 жылы естелікті көріп, күмбездің биіктігіне тоғыз адам бірінен соң бірі тұрып, жететінін байқап,таңданған. Оның тас құрылысы ескерткіші жанында тұрып суреттеме жасағаны үлкен құндылықты құрайды. Халық аңызы бойынша фигуралар Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлуды және оның кіші сіңлісі мен келінін суреттеген. Естелік бозбала мен бойжеткеннің арасындағы шексіз махабаттың символы ретінде сақталып, адамның жоғары руханилығын баяндайды. Қозы-Көрпеш жігітінің есімімен сұлу Баянның бейнесі он бес ғасыр бойы ажырамай келеді. Олардың сұлу да күшті сезімі бөлінбей, көпғасырлық ескеркіш мұрасын сақтап келеді. Ғашықтардың қос жүректерінен лапылдаған махаббат жаңғырығы ақындарды, драматургтерді, этнографтарды шабытқа жетелеп, әртүрлі халықттың тарихшыларын өзінің әсем мүсінімен тарта білді.

Видео: Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу күмбезі. Абайдың Жидебайдағы үй-жайы