Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Ботай қонысын зерттеу

Әулиекөл  XIII - XV ғасыр

 

Әулиекөл қалашығы Павлодар облысы Екібастұз ауданында, Өлеңті өзенінің Әулиекөлге құятын сағасында, Қаражар ауылының оңтүстік шығысында, Қараоба атты төбенің үстінде орналасқан. Құрылыстың қалдықтарын тазалау барысында ғимараттың қабырғасын әсемдеп тұрған декорлық плиткалардың үлкен фрагменттері мен үлгілері табылды.

Қазбаның батыс бөлігінде ескерткішті тонаушылардың тағы бір қолдану мақсатымен үйіп қойған декорлық плиткалардың жиынтығы анықталды.

Кірер ауыз оңтүстік жақта орналасқан, бұл жерде сыртқы іргенің ортасына екі қатар болып салынған күйдірілген кірпіш қалдықтары жанастырылған, бұл сатының қалдықтары болу мүмкін. 

Келесі кезеңнің міндеті қалашықта қазба жұмыстарын жүргізу болды. Осы мақсатпен ескерткіште 2 қазба салынды. №1 қазба орнында күйдірілген және сазды кірпіштен құрылған діни-мемориалды құрылыстың үйінділері зерттелді. Құрылыс орнының кіре берісі оңтүстікке бағытталған, сызба бойынша құрылымы тік бұрышты, өлшемі 20-12 м және ол 2 бөлмеге бөлінген.

Бірінші бөлме қабырға қалыңдығы 1-1,25 м болатын сегізбұрышты құрылыс, қабырғалардың негізі 0,8-1 м биіктікке дейін сақталған. Екінші бөлменің қалпы тік бұрышты, мұнда 3 қорым зерттелген, оның екеуі еден деңгейінде және біреуі қабір шұңқырында орналасқан. Мәйіттер исламға дейінгі наным-сенімдердің кейбір белгілерімен қоса мұсылман дәстүрі бойынша көмілген. Олжалар арасында келесідей заттарды атап өтуге болады: ағаштан жасалған моншақтар, қыш ыдыстардың сынықтары мен жартылай құнды тастар, алтынмен қапталған матаның қалдықтары. 

Қазу барысында кезінде құрылыстың қабырғасын безендірген декоративті жалпақ тастардың сынықтары мен бүтін даналары табылды.

№2 қазба орнында шеберхананың қалдықтары зерттелуде. Мұнда қыш ыдыстың сынықтары, күйдірілген пештің қалдықтары, жануарлардың сүйектері және т.б. олжалар табылды. Қыш ыдыс сынықтарының арасында құмыра мен хумның бөліктері және су көтеретін құрылғыларда қолданылған шығыр-ыдыстарының сынықтары аса қызығушылық туғызады.

Археологиялық зерттеулер мен барлаулар ескерткіштің ортағасырлық шығыс Сарыарқа тайпалары кірген ұлыс билеушісінің жазғы ордасы ретінде қызмет атқарғанын растайды.