Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Үш-Арал мешіт-медресесі   (XIX ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - А. Деров көпестің сауда үйі

А. Деров көпестің сауда үйі 

Павлордар өңірінің мақтанышы, сәулет ескерткіші А. Деров көпестің сауда үйі болып есептеледі. Ғимарат 1896 жылы сәулетші П. Батовтың жобасымен қаланың белгілі азаматы және әйгілі I гильдий көпесі А.И. Деровтың ақшасына салынған. Бұл көлемі мен ұзындығы бойынша қаланың көпестері тұрғызған құрылыс бөлігінің ең үлкен ғимараттарының бірі болды. Сауда үйі -ірі ғимарат, қазір сәулет ескеркіші ретінде есептеледі. Сібірлік «модерн» стилінде салынған.

Есік- терезе, балконның безендірілуіне ерекше көңіл бөлінген. Қабырғалар фигуралық суреттермен безендірілген. Ғимараттың жоғарғы бөлігі торкөз терезелі мұнаралармен әшекейленген. Екінші этажда балкон бар. Қазір ғимарат Филатовтың көне үйіне жалғасырылған, онда облыстық тарихи- өлкетану мұражайының экспозициясы орналасқан.