Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Ботай мекені

Хызыр мұнарасы 

 

Хызыр мұнарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласында орналасқан. Сайрам қалашығы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ежелгі елдімекеннің бірі болып табылады. Сайрамсу өзенінің бойында, Шымкент қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Ерте орта ғасыр заманында (ІХ – ХІІ ғасырлар) Сайрам қаласының орнында – Испиджаб қаласы болған. Испиджабтың алғаш аталуы, 629 жылы қытай авторы Сюань-Цзяннің географиялық еңбегінде кездеседі.

Ал «Сайрам» атауының алғаш аталуы, жалғыз тұратын қытай сопысы Чан-Чуннің 1221 жылы Шыңғысханның ордасына қарай жол салған саяхатының сипаттамасында кездеседі. Испиджаб-Сайрам қаласы, Шаштан (Ташкент) Шымкентке апаратын керуен жолы үстінде орналасқан сауда-кәсіби орталық болған еді және сол өңірге жақын жазық дала аймақтарына ислам дінінің тарату орталығы болған.

Араб шапқыншылығының басына қарай (VII – ХІІІ ғасырлар). Сайрам қаласы екі бөліктен құралған – ішкі қала және шахристан. Бірақ, X ғасырдың өзінде-ақ ішкі қала қирап, оның нақты орналасуы анықталмаған. Ал, шахристанға келсек, ол XV – XIX ғасырлар арасы ауылдың орталық бөлігінде, Сайрамсу өзенінің оң жағалауында, табиғи түрде қалыптасқан төбенің үстінде орналасқан. Оның аумағы 20 гектарға жуық болған. Шахристан айналасындағы жерден 5 – 10 метр биікте болған және оны шарбақ пен балшықтан соғылған дуалдар қоршаған. Олардың ені 8 – 10 метрге шейін болған. Дуалдар төрт жаққа қаратылған және төрт қақпасы болған. Қақпаларға жақын, мал суару үшін көлемі үлкен хауыздар жасалған, өйткені соғыс кезінде малдар да қамалдың ішіне алынатын болған.