Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Үш-Арал мешіт-медресесі   (XIX ғасыр)

Шығыс моншасы XVI - XVIII ғасыр

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Шығыс моншасы XV ғасыр Түркістан қаласындағы «Хазірет сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени мұражай-қорық Күмбездер қалпына келтіру кірпіштерімен кейпіне келген. Кірпіштің сыртқы беті шыны араласқан сұйықтықпен жабылған, кірпіштен қара түсті дақтар нобайы көрінеді. Күмбездің жекеленген кірпіштері суыққа шыдамастан сынған, алайда олар-ауыстырылды.

 

Кірпіштер арасының жігі, кірпіш үгінділері және шыны сұйықтығымен толтырылды. Күмбездің жіктерінен жаңбыр сулары тамшылайды. Сондай-ақ күмбездің қаланған байланыстары цемент қоспасынан ажырап сынған, соның салдарынан жаңбыр суы ағады. Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық. Плиткаларымен қаланды қалпына келтірілді. Нысан өткізілді.

 

Әулие Күмшік-Ата Халветі, 12 ғасыр. Әулие Күмшік-Атаның халветі орта ғасырлық қала жерінің сыртында, ашық алаңда, Қожа Ахмет Яссауидің жер асты үңгірінен, оңтүстікке қарай 1 километр қашықтықта орналасқан. Сопылардың ритуалдарына байланысты болып, культтық құрылыстардың қатарына жатады. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында халветтердің салына бастауы 9 ғасырда басталған, және бәлкім ислам дінінің құғындаған-шафиилердің осы аймаққа келуіне байланысты, ал шафиилердің жер асты құрылыстарда-шұңқырларда, үңгірлерде тығылғандары мәлім. Әулие Күмшік-Атаның Халветі – ұзын және тар коридордың (10 метрге жуық) басында жасалған құдық тәрізді кіре-берісі бар, жер асты 2-бөлмелі құрылыс болып табылады. Балшықтан жасалған, тік төртбұрыш пішініндегі күйдірілген кірпіштен қаланған. Ең ұзақтағы соңғы бөлме, қабырға жақтары 2 метрге жуық және биіктіктігі 1,6 метр төртбұрыш пішінінде, үсті шатырмен жабылған. Осы бөлмеге тиіп тұрған шеңбер пішініндегі бөлменің, диаметрі 2,5 метр және биіктігі 2 метрге жуық, күмбезбенен жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында, майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Коридоры жобада майысқан, негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған, және арка тәрізді шатырмен жабылған. Сол жабудың ортасында, күн шуақтарымен жарықтандыру үшін, диаметрі 1 метрге жуық және коридордың еніне тап келтірілген, құдық тәрізінде жарық тесігі жасалған. Халветке апаратын кіре-берісі өте нашар күйде, құлап жатыр, басқыштың баспалдақтары аңықталмаған. Бүкіл құрылыстың іші сыланбаған.








Видео: Түркістан қамал бекінісі. Шығыс моншасы