Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Шопан – Ата көне мешіті

Ақыртас кешені XVIII - XIX ғасыр

 

Ақыртас археологиялық кешені қазіргі Тараздың шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол станциясынан 6 км оңтүстікте, Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан. Қазір бұл тау шатқалынан бастау алатын, құрғап бар жатқан бұлақтардың арналары кескен тау бөктері.

 

Ескерткішті зерттеу 19 ғасырда басталды. Шығыстанушылар, архитекторлар және археологтар өз еңбектерін осы бірегей ескерткішке арнаған. Ақыртас кешені алғаш өлкетанушылар мен ғалымдар В.А. Каллаур, П.И. Лерх, Д.И. Иванов, В.В. Бартольд және Г.И. Пацевич зерттеген. 1936 ж. Ақыртас қирандыларында КСРО ҒА мен ММЗИ Қазақ филиалының археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) болды. Сол кезде обалар қазылған болатын. 1940 және 1945-46 жж. Ақыртасты Г.И. Пацевич зерттеді. 1945 ж. ескерткіште ҚазКСР МК жанындағы архитектура ісінің Басқармасы өлшеу жұмыстарын жүргізді. Материалдарын 1950 ж. Т.К.Басенов жариялап, солтүстік қасбетте мұнаралар барын анықтады, Ақыртас жоспары түзетілді. Ескерткішті археологиялық тұрғыдан жоспарлы зерттеуді проф. К.М.Байпақовтың басшылымен ОҚКАЭ 1992 ж. бастады.

 

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізіліп келе жатқан археологиялық зерттеулер барысында бірнеше әр заманғы археологиялық және археологиялық-архитектуралық ескерткіштер анықталып, құжатталып және кешенді зерттелуде. Олар: сарай – монументалды құрылысы, жоспарда төртбұрышты, қызыл құмтастың ірі блоктарынан 1 ден 1,5 м-ге дейін қаланған. Құрылыс көлемі 169х145 м. Ғимарат ұзын жақтарымен солтүстік-оңтүстік сызығымен бағытталған. Құрылыс жоспары жақсы оқылады: бас көшесі солтүстік және оңтүстік кірістерді байланыстырады. Оған перпендикуляр шығыстан батысқа тағы бір көше өтіп, терең айвандарға тіреледі. Көшелер құрылысты төрт бөлікке бөледі, оның үшеуі аула айналасында орналасқан бөлмелерден тұрады, ал, біреуі (солтүстік-батысы) құрылыстан ада. Бүкіл құрылыстың ортасында аула бар, оның периметрі бойынша бағаналардың тастан қаланған, көлемі 5х5 м, базалары бар. Ауланың оңтүстік бөлігінде екі қауыздың орнындағы қазаншұңқырлар байқалады. Аршылған қабырғалардың биіктігі 3 м-ге жетеді. Қамал – жоспарда шаршы тәрізді құрылыс, көлемі 39х40,5 м, сарай кешенінен оңтүстік-батысқа қарай 1 км қашықтықта орналасқан. Қамал дүниенің төрт тарапына қараған. Құрылыстың бұрыштарында кесіндісінде домалақ мұнаралар орнатылған; шартты түрде қамал деп аталатын құрылыс табиғи қырда орналасқан. Оның көлемі 40х25 м., биіктігі 3-3,5 м. Ғимарат жоспарда тікбұрышты, ұзын жағымен шығыстан батысқа созылған. Құрылыс VII ғ. екінші жартысы – X ғ. мерзімделеді; бау-бақша аймағы сарай кешенінен шығыста, көлемі 250х250 м. қабырғамен қоршалған аумақ орналасқан. Бұл аймақта бау-бақша отырғызылу көзделген болса керек; шартты түрде қала сыртындағы тұрғын жайлар немесе «тұрғынжай орамы», сарай кешенінен солтүстікте орналасқан, және кешен маңында орналасқан, тұрғын жайлар деп болжанған, бірнеше төбешіктер; тас кен орны, саз алатын карьер, қарауыл мұнара, құлдардың жертөлелері, агроирригациялық құрылыстар және сумен қамтамасыз ету жүйесі, сақ дәуірінің обалары, 18 ғ. – 19 ғ. басындағы мекенжұрт.

 

Жинақталған материалдарды кең сараптау мүмкіндігі бар тұтас жүйеге (ГИС) біріктірілуі, ұзақ мерзімді менеджмент жоспар жазуға жақсы негіз салды. «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жүргізіліп отырған зерттеулер, Ақыртас археологиялық кешенінде консервациялық жұмыстар мен ашық аспан астындағы музей жасау шараларын қамтыған, кешенді зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Жұмыстар, кешенді дүниежүзілік мұра тізіміне номинант ретінде енгізуге, сонымен қатар, туристер санын арттыруға, ескерткіштің потенциалын ашады деген нысандарда шоғырланған.