Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Археологиялық қазбалар

Көне Басқамыр қаласы

Түрік мұрасы VIII ғасыр

 

Жайсан даласындағы Кіндіктас тауынының солтүстік – батыс беткейіндегі далалы аймақта орналасқан мәдени мұралар көптеген ғұрыптық және жерлеу құрылыстары, жартастарда бейнеленген суреттер мен рулық таңбалардан тұрады. 2001 жылы бастау алған археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде петроглифтер шоғыры табылып, киелі орынның шекарасы анықталды. Ескерткіштер орналасқан қорық көлемі шамамен 77 мың гектар аумақты қамтиды.

 

Жайсан ғибадатханасының киелі аумағында орналасқан ғұрыптық құрылыстар көлемі тіктөртбұрышты жекелеген, қосарланған және солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан бірнеше ғұрыптық қоршаулардан тұрады. Ғұрыптық қоршаулардың шығысында немесе ортасында ата - баба құрметіне арналған тас мүсіндер орнатылған. Кешендер құрамындағы ғұрыптық қоршаулар негізінен шығыс жағында орналасқан, ал батыс бөлігінде тас үйіндіден тұратын жерлеу орындары - қорғандар орналасқан.

 

Ғұрыптық және жерлеу құрылыстарының түрін сипаттайтын белгілер жиынтығы. Тас мүсіндер иконографиясының ерекшелігі, мүсіндерде бейнеленген заттар және әшекейлер, ыдыстар ескерткіштердің қандай кезеңге және мәдени негізін нақтылауға мүмкіндік туғызды. Киелі Жайсан ғибадатханасы аумағында орналасқан ескерткіштердің VIII ғасырдың ортасында Шу өзені аңғарына қоныс аударған шығыс түрік тайпаларының қорықтық жері екендігі анықталды. Жерлеу орындары мен бір кеңістікте орын алған тас мүсінді ғұрыптық қоршаулар ата-баба аруағына құрмет көрсетуге, құрбандық шалуға арналған және түріктердің көкке табыну орны болып табылады. Жартас суреттері шоғырлана орналасқан жерлер ғұрыптық жоралғыларды атқаратын, айлық циклмен байланысты және қоғамдық мерекелер тойланатын орын болған.

 

Қазба жұмыстар жүргізіліп зерттелінген түрік ескерткіштерінің барлығы қайта қалпына келтіріліп, тас мүсіндер реставрацияланды. Жайсан даласы ландшафтында орналасқан культтік және мемориалды ескерткіштер өзінің бастапқы орнатылған табиғи орнында тұр. Түрік тайпаларының ескерткіштерімен қатар, қорықты аймақтың ландшафтын сақтау мақсатында экологиялық зерттеу жұмыстары қатар жүргізілуде.