Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Шығыс моншасы   (XVI - XVIII ғасыр)

Мавзолей Шокай-Датки XVII - XVIII ғасыр

 

Шоқай Датка кесенесі Жетісу аймағының тарихи және мәдени мұрасының ең маңызды ескерткіштерінің бірi болып табылады. Ол туралы атақты ғалым Шоқан Уәлиханов өз еңбектерінде айтып кеткен. Кесене орта ғасырлық Саудакент қалашығының зиратында орналасқан. Зерттеушілер оны 17-18 ғасырдың сәулет өрнектеріне байланыстырады. Сол кездің жалпы монументалды сәулет түрлеріне ұқсас.

Үлкен, бір бөлмелі, күмбезді - үлкен кіре-беріс қабырғалы кесене. Кіре-беріс есігі оңтүстік-батысқа қаратылған. Жоба бойынша 7,4 х 8,1 метр. Басты қабырғасы биік порталмен безендірілген, қуысы өте терең емес, бұрыш мұнаралармен күшейтілген. Мұнаралар жоғарыда әшекейлі белбаулармен күшейтіліп, ең жоғарысында шамдарменен бітеді. Кесененің күмбезі домалак шеңбер үстіне орнатылып, көтерілген, ал сыртынан аспа әшекей элементімен сәнделген