Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Тоқсанбай қонысы   (XXX - XX BC)

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Бауыржан Момышұлының ескерткіші

Бауыржан Момышұлының ескерткіші 

 

Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістің 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды. Авторлар ұжымы: мүсіншілер: М. Рүстемов, Д. Әлдеков. Сәулетшілер: С. Дамбай, Н. Баекеев. Биік ірге тасты қолында қылышы бар ұлы тұлға айбынды жауынгер, философ интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбынды батырларының бейнесін көреді.

 

Ол каһарлы соғыс мектебінен өткен, ажал көріне бірнеше рет қараған, әр ұлттың жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген. Ол үнемі үкімет оппозициясында болып, өзінің тәуелсіз мінезімен, әділетсіздікті сынап отырған.

 

Кеңес Одағының Батыры, халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолы туралы Отан тарихына арналған кинотаспаларда, энциклопедияларда бейнеленген. Оның образы ТМД елдері мен Шетел галлереяларында орын алған. Баукеңнің атымен оның туған жері Жуалы ауданы аталады, онда оған арналған мұражай, сонымен бірге Кременевка ауылы да Баукеңнің атымен аталады, алаң, көше, мектеп, лицейлерге Баукең аты берілді.