Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Бозоқ   (XIII - XIX ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Қарақожа мешіт-медресесі

Қарақожа мешіт-медресесі XIX - XX ғасыр

 

Жамбыл облысы Талас ауданы Сейілбек ауылында орын тепкен мешіт, Қазақстандағы бірден-бір өзгеше сәулет ескерткіші. Алғашқы рет ескерткішті 1945 жылы Г.И.Пацевичтің басшылығымен ЭРУДА зерттеген. Кейіннен 1949 жылы Л.М.Ремпел бастаған Жамбыл облыстық музей экспедициясы зерттеді.

Қара Қожа мешіті XX ғасырға жатады. Мешіт Сейілбек ауылында туған жергілікті рухани басшының атымен аталған. Бұл мешіт Қара Қожаның бастамасы бойынша 1909 жылы тұрғызылған, кейіннен оның аты берілген, ол 16,9х16,26м көлемде төрт бұрышты формада жоспарланып тұрғызылған.

Бұл мешіт 27х13х5см, 25х14х6см, 26х12х6см, 25х25х4см, көлемді сазды лайдан күйдіріп құйылған қызыл кірпіштен тұрғызылған. Көп күмбезді квадратты жоспардағы айван мен құлшылық залдарынан күйген кірпіштен тұрғызылған. 80-ші жылдар соңына таман біртіндеп күмбез мүжіле бастаған, парапетті қабырғаларында көптеген жарықшақтар пайда болған. 1985-1989 жылдары жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқсыз қалған.