Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени Мұра" бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері

Домбауыл кесенесі

Басты бет - Мәдени мұра - Ескерткіштер - Барлық ескерткіштер - Жамбыл Жабаев ескерткіші

Жамбыл Жабаев ескерткіші 

 

Жамбыл Жабаев ескерткіші Жамбыл алаңында орналасқан. 1961 жылы ақынның 115 жылдың мерей тойына арналып салынды. Жобаның авторы – сәулетші В. Сашенко мүсінші Қазақ ССР-інің халық суретші Х. Наурызбаев. Мүсін Ленинградта жасалған. Қола мүсін тік бұрышты ашық қызыл плитадан жасалған биік таста тұр. Жамбыл ұзын шапанда, бөрік киген, сол қолында домбыра, оң қолы жоғары көтірілген. Жамбыл Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған.

Халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі. Қазан төңкерісіне дейінгі өлеңдері сүйікті шығармашылығы – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазаған «Ленинградтық өренім» атты өлеңі көп ұлтты кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы. 1934 жылы Алматыда республикалық айтыстың лауреаты, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941 жылы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.