Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасы аясындағы археологиялық зерттеулер

Ақкесене мұнарасы   (XIII - XVII ғасыр)

Басты бет - Мәдени мұра - Археологиялық қазбалар - Қазіргі археология жаңалықтары

Қазіргі археология жаңалықтары

21 қараша 2016
Ақмола облысында археологиялық мұраларға барлау, зерттеу, қорғау жұмыстары атқарылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты ұжымы еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуде, оларды сақтау мен насихаттауда жемісті ізденістер атқаруда. Институт алдына қойған мақсатқа сәйкес қабылданған міндеттер кешені әр тарапты жұмыстарды қамтиды. Солардың ішінде тарихи-мәдени мұраны зерттеп қана қоймай, сонымен қатар жойылып бара жатқан асыл жәдігерлеріміз бен нысандарымызды қорғау, оларды аман сақтап қалу жұмыстарын атауға болады. Осы орайда «Халық қазынасы» ҒЗИ және облыс орталықтары, қалалық жерлерде орналасқан бірқатар тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану орталықтарыарасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды. Сондай мекемелердің қатарында Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКМ-сі кіреді. Бұл орталықтың негізгі функциясына Ақмола облысындағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жағдайын қадағалаумен қатар, тарихи- мәдени мұра нысандарында атқарылатын ғылыми- зерттеу жұмыстарын саралау міндеті енеді. Ағымдағы жылы аталған екі мекеме арасындағы жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде бірқатар іс-шаралар кешені атқарылды. Солардың бірі «Ерейментау ауданының тарихи- мәдени мұрасы: сақтау, зерттеу мен насихаттау мәселелері» семинарының өтуі. 

Толығырақ
 
21 қараша 2016
Арелогия курганов Казахстана
Толығырақ
 
04 қараша 2016
Академик Ә. Марғұланның Ақтоғайдағы зерттеулері

Ақтоғай ауданы көне дәуір куәгері саналатын ежелгі археологиялық ескерткіштерге бай өңір. 

Толығырақ
 
03 қараша 2016
ЮНЕСКО өкілдері Жамбыл облысында

31 қазан – 9 қараша аралығында Жібек жолы номинациясына кіретін Қазақстан аумағындағы 8 нысанның жай-күйі бойынша  мониторинг  жүргізу мақсатында  Қазақстанға  Дүниежүзілік  мұра  орталығының  Азия  және Тынық  мұхиты  бойынша  бөлімшесінен  Фенг Жинг  және Ескерткіштер мен нысандарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңесiнiң (ИКОМОС)  сарапшысы  Наталья Душкина  арнайы  іс сапармен Жамбыл облысына келді.

Толығырақ
 
01 қараша 2016
Үтіртөбедегі дәстүрлі зерттеудің тың жаңалықтары

2016 жылғы қыркүйек айында ортағасырлық Үтіртөбе қаласында жыл сайын жүргізіліп келе жатқан археологиялық зерттеу жұмыстары өз жалғасын тапты. Ғылыми-зерттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен «Сырдария» университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық жөніндегі келісім аясында жүзеге асырылды. Бұл зерттеудің ерекшелігі ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басты міндетнің бірі саналатын табиғи, техногендік апаттан бұзылып жатқан тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеу мен сақтау саласындағы жұмыстарының іс жүзінде қолға алына бастауы болатын.

Толығырақ
 
28 қазан 2016
Қыземшек және Науакескен петроглифтер (на русском языке)
Толығырақ
 
28 қазан 2016
Құмсай қорымы (на русском языке)
Толығырақ
 
04 қазан 2016
Отырар ақша сарайында соғылған күмістелген дирхемдер

Е.А. Давидовичтің кезеңдестіруі бойынша ІІ-ші кезеңге сәйкес келетін ХІІІ ғасырдың ортасында Отырар ақша сарайында соғылған күмістелген дирхемдерді көптеп кездестіруге болады. Олар өлкедегі көптеген мұражайлар мен коллекция жинақтаушылардың қорларында бар. Дегенмен бұл дирхемдер жайлы толыққанды ғылыми еңбектер аз. Әр зерттеуші қолда бар материалдардан мүмкіндігінше қомақты мәліметтер алуға тырысқанымен, түрлі себептермен Отырар дирхемдері эмиссиясына қатысты маңызды мәселелер шешімсіз қалып отыр. 

Толығырақ
 
04 қазан 2016
Аңыздан жеткен Ақыртас

Адамзат өркениетінің елең-алаңынан жеткен тарихи жәдігерлер санатындағы құндылықтардың зерттелуі мен зерделенуі арқылы сол өркениетті жасаушы халықтар мен қауымдардың  тарих толқынындағы орны мен  өресін  анықтауға болатыны баршамызға аян. 

Толығырақ
 
16 қыркүйек 2016
Ортағасырлық Сури қаласының орынын анықтау

2015 ж. 25 мамыр айынан бастап «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының Археология және ескерткіштерді қорғау бөлімінің қызметкерлері Түркістанға кіре-беріс Шымкент-Түркістан жолының оң жақ бетінен Елутөбе деп аталған обалар қорымына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. 

Толығырақ