Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы

Ысқақ ата кесенесі

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Бағдарлама қорытындылары

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаның қорытындылары

2004 жылы бағдарлама қабылданғалы бері 78 тарих пен мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді, олардың 28-і (35%) - 2008 бен 2011 жылдар арасында реставрацияланған. Екі ескерткіш ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұрасына кірді, олар Қожа Ахмет Яссауи Кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені.

Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.

Ғылымға біздің ата-бабаларымыз тарихы туралы мәлімет беретін мыңдаған артефактілерге 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).

Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Апмения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.

Моңғолияға экспедицияның практикалық нәтижесі VIII ғасырдағы руна жазбалары бар ежелгі түрік тас мүсіндерінің көшірмесін алу болды. Қазіргі кезде Тоныкөк пен Теркин ескерткіштерінің көшірмелері Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық университетінің атриумында орнатылған.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.

537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі. Олардың ішінде «Бабалар сөзі», «Библиотека мировой литературы», «История казахской литературы», «Философское наследие казахского народа с древнейших времен до наших дней», «Мировая культурологическая мысль», «Экономическая классика», «Мировое философское наследие» сияқты қатарлар бар.

Бірнеше жыл ішінде «жоқтан» екі мұражай-қорық - Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалған.

«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдени мұрасы мен аса маңызды тарихи орындар туралы 20 деректі фильм түсірді. Бұл фильмдер «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі түркістанның сәулет ескерткіштері», «Жүсіп ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.

Қазақтың дәстүрлі әндері мен мәдениет үлгілерін жүйелендіру бойынша масштабты жұмыс жасалды. «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» және «Қазақтың дәстүрлі мың әні» бірегей жобалары жүзеге асырылды.

 Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұраны танымалдандыруға бағытталған 200-ге таман шаралар өткізіледі.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында тарихи-мәдени мұраны танымалдандыру мен сақтап қалу, ғылымды жаңа деңгейге көтеруде бағалы тәжірибе алынды.