Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаның қорытындылары

Жұбан-Ана кесенесі   (XIX ғасыр)

2004 жыл үшін «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобаны іске асыру туралы ақпарат

Ескерткіштерді қайта жасау және қалпына келтіру

 

2004 жылы, Мемлекеттік бағдарлама шарасына сәйкес Алматы қаласындағы Верный үшсыныптық училищесі, Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесі мен Үш-Арал мешіті, Батыс-Қазақстан облысындағы Бөкей Ордасының Хан ордасы кешеніне кіретін қыздар гимназиясы ғимаратының, Маңғыстаудағы Шопан-Ата қазбасы объектілерінде, Қызылорда облысындағы Сырлы-Там , Тұрбат сәулет-өнер кешеніндегі Исмаил-Ата, Арыстанбаб кесенелерінде және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Аққойлы мешін-медресесінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сол жылы жоспарлы Отырар қалашығының тарихи ескерткіштерін, оның ішінде ортағасырлық моншаның оңтүстік қабырғасын консервациялау жұмыстары маусымдық жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар қыш шеберханасының үстіндегі қонақтарға арналған алаңының құрылысыдайындалды.

Бағдарламалық шаралар жоспары бойынша Ақмола  облысының Бозоқ қалашығында, Алматы облысындағы Қойлық, Талғарда, Атырау облысындағы Сарайшықта, Жамбыл облысындағы Ақыртаста, Оңтүстік Қазақстан облысында Жуантөбе, Қараспантөбе, Шымкент, Сауран, Сидақ, Отырар қалашықтарында археологиялық зерттеулер өткізілген. Одан басқа, өткен жылдары басталған танымал қорымдар, қорғандар мен елді мекендерде зерттеулер жалғастырылды.

 

Археологиялық зерттеулер

 

Археологиялық ескерткіштерді зерттеу барысында ғалымдар көптеген тарихи, этнографиялық және декоративты-қолданбалы маңызы бар бұйымдар тапты.

Солай, Талғар қалашығында ас үйге арналған және шаруашылық орындары бар және ауласы қалқаланған тұрғын үйі бар мекен ашылған. Қаланың орталық көшесін тазалау жүргізіліп, қала территориясының қазба жұмыстары жүргізілді де, сондан сауда орындары мен тұрғын үй кешендері табылды.

Берел қорымындағы қазба жұмыстары кезінде сарбаз қаңқасы, ат сүйектері, керамикалық ыдыс, алтын фольга фрагменттері табылған. 2004 жылы зерттелген қорғандар, негізінен, ерте көшпенділер периодына жатады.

Талдысай елді мекеніндегі қазба жұмыстары кезінде мұржасы ежелгі металлургиялық кешенінің қалдықтары табылған. Қазба кезінде көп мөлшерде керамикалық, сүйектен жасалған және тастан жасалған материалдар алынды. Коллекцияның едәуір бөлігі металлургтардың еңбек құралдарынан тұрады: тас балғлар, келсаптар, қайла, кетпендер, ұнтақтағыш, диірмен, төстер.

Қола дәуіріндегі Тоқсанбай мекенінің тұрғындарының негізгі істері, көптеген материалдарға сүйенсек, мал бағу, аң аулау мен тау-кенмен айналысу болған. Мыс балқытудың жоғарғы деңгейін ауыл ішінде жұмыс істеген арнайы орталық, дайындалған бұйымдар - екі жүзді пышақтар, біз, әшекейлер мен металл өңдеуде пайдаланылған еңбек құралдары сапалары мен әр түрлілігі дәлелдейді.

Ботай мекенінде 40-тан астам неолит, энеолит, қола және көне темір дәуірлерінің әр кезеңіне жататын археологиялық объетілер табылған. 10 000-нан астам артефактілер - сүйектер, топырақ, ыдыс сынықтары, еңбек құралдары табылды. Бірегей табыстардың бірі болып табылады - балта тәрізді жұмсақ сұр-сары түсті, беттік пен өткір лезвемен мұқият өңделген бұйым.

 

Мұрағаттар мен кітапханаларға ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастыру

 

Жақын және алыс шет елдерде қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы барқолжазбаларды, сирек кітаптарды, архивті документтерді ашу және алу үшін, мұрағаттар мен кітапханаларға ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастыру мақсатымен, Министрлік Қазақстан тарихы сақталған қолжазбалар, архивті документтер сақталған елдер мен қалалар анықталған экспедиция маршрутының жоспары қабылдады. Жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Татарстанның Ұлттық кітапханасымен, Қазан университетінің ғылыми кітапханасымен, Ресей мемлекеттік кітапханасымен(Мәскеу), Ресей ұлттық кітапханасымен(Санкт-Петербург) хат алмасу жұмыстарын жүргізді. ҚР сыртқы істер министрлігі арқылы Қытай, Мысыр елдерінің мәдениет министрліктерімен және елшіліктерімен мамандардың сол елдердегі кітапханалар мен мұрағаттарына командировкалары жайлы хат алмасу жүргізілді.

Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институты ҚР Білім және Ғылым министрлігі көмегімен 2004 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін ҚХР мен Моңғолияға археологиялық экспедиция өткізген болатын. Экспедиция барысында Қазақстан тарихы мен мәдениетінен бұрын зерттелмеген деректер табылды.

ҚХР тарихи мұрағатында Қазақстан тарихы мен мәдениетіне байланысты шағатай, маньчжур, ойрат, моңғол және қытай тілдерінде жазылған 3500 бірегей құжат табылған. Бұл тарихи құжаттар бұрын зерттелмеген. Мұнда қазақ хандары мен сұлтандарының көрші Қытай, Қоқан, Қиуа, Қырғыз және басқа мемлекеттері басшыларымен ресми қатынасхаттар көрсетілген. Одан басқа бұл құжаттарда мемлекетаралық шекаралық құжаттар мен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы құжаттар көрсетілген.

 

Қолданбалы, ғылыми зерттеулер

 

Ұлттық мәдениетке, қорықтар мен мұражайларға ерекше маңызы бар тарихи-мәдени, сәулеттік және археологиялық ескерткіштердің қолданбалы, ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру және оларды сақтау мен музеефикация мақсатымен мәдениет пен өнердің Республикалық ғылыми-зерттеу институты қолданбалы және ғылыми зерттеулердің 10 жобасын жүзеге асыру шаралары жоспарын құрып, қазіргі кезде оларды жүзеге асыру жұмыстары аяқталды. Олардың арасында - «Қазақ халқының салт дәстүрлерінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ халқының «түйе шешу» еске алу салты символикасына», «Қазақтардың қолданбалы өнерге қатысты әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері», «Компьютерные исследования акустики казахских музыкальных инструментов Қазақ музыка аспаптары акустикасы мен компьютерлік зерттеулер» және басқалары.

Жобаны жүзеге асыру мақсатымен әйгілі орындаушы-сазгерлердің Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерватория қорлары, ел мұрағаттары мен қоймаларындағы фоножазбаларын заманауи тасымалдауыштарға көшіріп, әрі қарай жүйелендіріп, жеке коллекциялардағы қайталанбас жазбаларды іздеу жұмыстарын жүргізе отырып, ақпарат және ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мұрағаттары комитеті қалпына келтіру мен оларды заманауи тасымалдауыштарға жазу үшін фоноқұжаттарды Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағаттарына қосу мақсатымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консервотория мұрағаттары мен қорларында алдын ала экспертиза өткізді. Сол мақсатпен «TASCAM» арнайы стационарлық магнитофонын алу үшін конкурстық құжаттандыру даярланды.

Сол жылы Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Жиынын шығаруға дайындық жұмыстары жүргізілген.

Көрсетілген жобаны жүзеге асыру мақсатымен оларды Жиынға қосу үшін жоғарыда аталған облыстардағы археологиялық, сәулет және монументалды ескерткіштер туралы ғылыми материалдар жинау жүргізілген. 2004 жылы бұл бағыттағы жұмыстар негізінен Алматы облысында жүргізілген. Барлығы 105 археологиялық ескерткіштер  қарастырылып, көрсетілген, ескерткіштер Жиынына аңдатпа дайындау үшін материалдар өңдеу өткізілді.

Материалдық-мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-зерттеу және жобалау институты территоря мен ЮНЕСКО алдыңғы тізіміне кірген мәдени және аралас мұра объектілерін күзету зонасы шекарасын анықтау жұмыстарын іске асырған болатын. Арпаузен (Каратау) мен Ешкиолмес (Джунгарский Алатау) петроглифтерінің орналасулары паспорттарына инвентарлық суреттеме мен тарихи жазбаларды құру бойынша алдын-ала жұмыстар жүргізілген; библиографиялық тізім, мұрағаттық материалдар тізімі құрылған, ескерткіштердің физика-географиялық мінездеме және тарихи зерттеу бойынша бөлімдер мәтіндері даярланған.

Сонымен қатар институт Қожа Ахмет Яссауи кесенесін басқару, сақтау, консервациялау және қолдану жоспарының менеджментін құру бойынша жұмыс атқарды.

Аралық зона мен маңындағы күзет зоналарының қазіргі жағдайы бойынша деректер жаңартылды(10 объект); «Әзірет-Сұлтан» мұражай-қорығы үшін мониторинг бойынша жұмыс инструкциясы мен бағдарламалар жасалды.

 

Тарихи-мәдени мұраны қорғау жұмыстарын ұйымдастыру

 

Министрлік тарихи-мәдени мұраны қорғау саласындың басшылығы істейтін құрылымын дайындау бойынша белгілі шаралар қолданды. Мәдениет министрлігі ұсынысы бойынша Жамбыл облысы мен Астана қаласында тарихи-мәдени мұраны қорғау инспекциясы құрылды. Алматы облысының мәдениет басқаруының штатты кестесінде облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мамандарына 2 бірлік енгізілген. Алматы қаласы әкімдігі қалалық мәдениет басқармасына  тарихи-мәдени мұраны қорғау  инспекциясын құру бұйрығын берді. Павлодар облысында мәдени-тарихи мұраны сақтаумен байланысты облыстық мәдени департаменттегі қозғалыссыз ескерткіштерді санау, қорғау және пайдалану бөлімін тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша барлық басқару функцияларымен бірге басқару және талдау қайраткерлік бөлімі етіп қайта құрылды.

Жаңа Министрлік құрамында штатты 10 адам бар, тарихи-мәдени мұра, мұражайлар және кітапханалар Басқармасы штатында 23 адам бар тарихи-мәдени мұра Департаменті етіп өзгертілді.

 Ұлттық кітаптар раритеттерін табу және алу, ҚР Ұлттық кітапханасындағы кітаптар мен ежелгі қолжазбалар реставрациясы, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы  архивтік құжаттарды сақтандырма көшіру және реставрация, сонымен қатар мәдениеттің Президенттік орталығы негізінде ұлттық тарих үшін ерекше орны бар мұражай қорын құру мен реставрациясы бойынша Орталықтар құрылған.

2004 жылдың наурыз айында Министрлік Қарағанды облысының Ұлытау тауында ашық Республикалық мемлекеттік Қазақстан ұлттарының бірлігі мен бүтіндігі монумент-бейнелерінің үздігі сайысын жариялады. Сол жылдың сәуір мен маусым айларында Мемлекеттік комиссияның Қазақстан территориясында жасалып жатқан ескерткіштер мен монументтер бойынша отырыстарында аталған ескерткіш жобалары қарастырылған болатын және жеңімпаз - скульптор Т.Төреқұлов. Сол жылдың тамыз айында Қарағанды облыстық әкімдігі монумент жасауға тендер өткізген болатын. Монументті жасау 2004 жылдың қыркүйек айында басталып, 2005 жылдың маусымында бітті.

«Ұлттық және әлемдік ғылыми ой, мәдениет және әдебиет басылымдарының топтамасын жасап шығару» бөлімінің жобаларын жүзеге асыру қойылған басылымды жасау және шығару графигіне сәйкес өткізілді.

2004 жылы бұл бағыттағы жұмыстар көбінесе түрлі сериялар томдарын құрастыру мен аудару бойынша жүргізілген. Сонымен бірге, сол жылы «Фолиант» баспасы шығарылымға өткізілген және «Бабалар сөзі» қазақ фольклоры кітаптары сериясының 10 томы жарық көрді. «Қазақпарат» баспаханасы «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітаптар сериясының 10-томдығының 2 томын шығарды. Сол жылы «Бейнелеу өнері» секциясы даярлаған «Әбілхан Қастеев» альбомы жарыққа шықты. ҚР білім және ғылым Министрлігіндегі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 2004 жылдың желтоқсанына қарай «Әлемдік тарихи ой» сериясының 10 томын құрастырыу жұмыстарын бітірді. «Мәдениеттану» секциясы «Әлемдік мәдениеттанушылық ой» кітаптар сериясының 10 томын даярлады.

Жалпы 2004 жылы Бағдарлама шаралар жоспарына сәйкес 29 атаулы кітап шығарылды. Дайындау барысында шығарылымның мазмұны мен сырт көрінісіне көп көңіл аударылған.

 

Әлеуметтік Кеңес құру

 

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама шара жоспарын жүзеге асыру мақсатымен 2003 жылдың желтоқсан айында ҚР Мемлекет Хатшысы тұсында әлеуметтік Кеңес құрылған болатын. 2004 жылы әлеуметтік Кеңестің төрт отырысы өткізілді, онда жұмыс секциялары анықталып, әлеуметтік Кеңес мүшелерінен олардың жетекшілері таңдалды, әлеуметтік Кеңес туралы ереже, Кеңестің жұмыс тобы құрамы қабылданды, Бағдарлама шарасы жоспарын жүзеге асыру бойынша секция басқарушыларының хабарламалары тыңдалды, Бағдарлама шаралары жоспарын жүзеге асыру Көзқарасы қабылданды, «Мәдени мұра» Бағдарламасы шараларының жоспарын іске асыруға қатысушы маман-эксперттердің еңбекақы Ережелерінжасап шығару тобы құрылды. Сонымен қатар отырыстарда кейбір ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулеттік және археологиялық ескерткіштерін қалпына келтірудің, ұлттық және әлемдік ғылыми ой, мәдениет және әдебиет баспасы серияларын құрудың кейбір актуалды мәселелері талқыға салынды.

Әлеуметтік Кеңес ұсынысына сәйкес мемлекеттік қызмет сатып алу бойынша ашық сайыс өткізілді, нәтижесінде Бағдарламаны жүзеге асыруға шақырылған 12 жеңімпаз баспасы анықталды.

Әлеуметтік Кеңес Бағдарламаның ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету үшін ғылым салалары бойынша 16 секция анықтады. Баспаханлар мен секциялар арасында орындалған жұмыстар аясында томдарды құрастыру, мәтіндерді аудару, экспертиза өткізу жөнінде келісімдер жасалды. Қолжазбаларды даярлау мен оны өндіріске жіберу Графигі құрылды. Одан басқа Әлеуметтік Кеңес айтуы бойынша Алматы қаласының баспаханалары мен секциялары әрекеттерін  координациялайтын жұмыс тобы құрылды.

Құрушылар үшін гонорарлар ставкалары анықталды. ҚР СІМ қолдауымен қажетті материал жинау үшін шетелге командировкалар тіркеу механизміне қол үйретілді.

Орыс тілінен қазақ тіліне аудармашылар құрамы анықталды және ағылшын, француз, неміс, араб, түрік, қытай, моңғол, ежелгі славян, т.б. шет тілдерінен аударма мөлшерлері анықталды. Кейбір жағдайларда қазақ тілінен бұрын орыс тіліне аралық аудару анықталды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама бойынша кітаптарды құрастыру мен шығаруға қатысқан суретшілер, дизайнерлер, технологтар жұмыстарын арттыру мақсатымен семинар өткізілді. Семинар барысында әлемдік стандарттарды бұзбай кітаптарды теру мен беттеу бойынша бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету стандарты қабылданды.

Бағдарлама идеясын жақсы бейнелейтін «Мәдени мұра» эмблемасының логотипі жасалды. Сол эмблемасы көрсетілген қазақстандық кітаптар шығарылды, баспаға материалдар жарияланды және теле, радиосюжеттер, хабарлар шығарылды.