Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаның қорытындылары

Мақұл Там   (XIX ғасыр)

2006 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері

Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулеттік және археологиялық ескерткіштерін қалпына келтіру және қайта құру

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы №217 «2004 жылдың 12 ақпанындағы № 171 Қазақстан Республикасының Үкіметінің үкіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Үкіміне сәйкес «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралардың 2006 жылғы жоспарына қосымшалар енгізілді.

«Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерін қалпына келтіру» бөліміне «Петропавл қаласындағы «Абылай хан резиденциясы» кешенін қалпына келтіру», «Мәскеу қаласында Абай Құнанбаевқа территориясы өңдеулі ескерткіш орнату», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы жылдарында құрбан болған жауынгерлерге стела құру», «Берел қорымы (археологиялық бұйымдарды қалпына келтіру)» сияқты шаралар қосылған.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің кейбір бөліктерін жөндеу мен қалпына келтіруге 32,0 млн теңге бөлінген.

2006 жылға арналған бағдарлама шаралары жоспарында қарастырылған тарих пен мәдениет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Ұлттық тарихтың  он шақты тарихи-мәдени, сәулеттік және археологиялық ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар өткізілді:

- Алматы облысындағы «Жаркент мешіті» сәулет-өнер мұражайында,

- Жамбыл облысындағы Ақыртас сарай кешенінде,

- Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы Хан шатыры кешенінде,

- Семей қаласындағы бірминаретті және екіминаретті мешітте,

- Шығыс Қазақстан облысындағы «Жидебай- Борлы» кешенінде,

- Тұрбат селосы сәулет-дін кешенінде Ысқақ ата кесенесінде,

- Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелерінде, Баба ата сарай-қорған кесенесінде,

- Петропавл қаласындағы «Абылай хан резиденциясы» кешенінде.

Берел қорымының (б.з.д. IV -III ғасырлар) алтын археологиялық бұйымдарын қалпына келтіру және сақтау жүргізілді.

Ресейдегі Абай және Қазақстандағы А.С.Пушкин жылына арналған шаралар аясында 2006 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында Абай Құнанбаев ескерткішін даярлау мен орнату жұмыстары аяқталды. Монументтің салтанатты ашылуы 5 сәуірде өтті және Қазақстан мен Ресей мемлекет басшыларының ресми кездесуіне орайластырылды.

 

Археологиялық зерттеулер

 

Республиканың 13 облысының территориясында 2006 жылы археологиялық зерттеулер палеолит дәуірінен ортағасырларға дейінгі 29 эталонды ескерткіштер табылды.

Бозоқ қалашығының мұражайландыру және оның негізінде ұлттық-мәдени және табиғи-ландшафтты саяжай құрудың ғылыми негізделген көзқарасы дайындалды.

Қойлық қалашығында электронды тахеометр қолдану негізінде табылған материалдардың өңдеуі өткізілді және қалашықтың архитекторлық ансамблін табуға көмек еткен жеке бөліктері, сонымен қатар кесенелер мен шахристан жасалды, объектілерді қанағаттанарлық қалыпта ұстап тұру үшін консервациялық шаралар өткізілді.

Есік қалашығында қорған типтес ғимараттар, мықтыланған елді мекендер табылды. Қола дәуірі мен ерте темір дәуірлері кезеңдеріндегі көшпенділердің көптеген қабір үстіндегі құрылғылар мен түрлі жерлеу түрлері анықталған. Зерттеу барысында патшалар, қолбасшылар және қатардағы көшпенділердің жерлеу ескерткіштері табылған. Сол ескерткішті көркейту, қорымның толық топографиялық картасын жасау, ашық аспан астындағы мұражай ашу бойынша ұсыныстар көрсетілді.

Ақыртас қалашығында зерттеулердің көп көңілі консервациялау және мұражайландыру шараларына сарайлық кешенді археологиялық дайындауға, сонымен қатар дерекқор, ескі және жаңа карта элементтеріне шейп-файлдар жасау концепциясына бөлінген.

Қырық-Оба қорымындағы ең қымбат материал - құрбандық шалатын жер мен сәндік бұйымдар. Бұл қорым б.з.д. V ғасырда элитарлы қорым бола тұрып, көшпенділер әлемінің әйгілі өкілдерінің соңғы жайлану орны болды. Қырық-Оба қорымының тағы бір қорғаны астында жасырылған сәулет құрылысын алу мүмкіндігін берді.

Арал маңы сақтарының ең маңызды ескерткіштерінің бірі ежелде айтарлықтай стратегиялық маңызы бар Шірік-Рабат қалашығы болып табылады. Ол керуен жолында Әмудария мен Сырдария өзендері қосылған жерде апасиак сақтары жерлерінің шекараларын күзетіп тұрғандай орналасқан. Сірә, содан шығар, ондағы көпқатарлы қорғаныс құрылыстарының бар болғандығы. Қалашықты барлау кезінде Жаңадария сағасынан бастау алатын қолдан жасалған ирригация желісінің едәуір жүйесі табылған. 2004-2006 жылдары өткізілген қазбалар нәтижесінде әлі толық зерттеліп үлгермеген амфитеатр типтес, мүмкін сақ храмы бар, патша жерлену іздері табылды. Қазба кезінде кепамика коллекциясы, алтын және күміс әшекейлер жиналды.

Кешенді өңдеу негізінде қолбасшы жерленуінен, соның ішінде екісапты қылыш, қытайда жасалған болуы мүмкін, әзірге белгісіз жазуы бар ыдыстардан тұратын қару комплектісін зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Заманауы жұмыстарға байланысты бұзылған Шымкент қалашығының батыс бөлігіндегі стратегиялық шурфтар бұл қаланың орнындағы халық орналасуы б.з.д. ІІ ғ сәйкес келеді. Қала 2200 жылға жуық өмір сүрген.

 

Алыс және жақын шет ел қалалары кітапханалары мен мұрағаттарына ғылыми-зерттеу экспедициялары


ҚР Ұлттық кітапханасы, номад мәдени мұра мәселелері бойынша республикалық мұрағаттық мекемелер мен ҒЗИ мамандары 2006ж Қазақстан тарихы бойынша қолжазбалар мен мұрағаттық құжаттар сақталған Армения, Мысыр, Түрркия, Венгрия, Ватикан және Франция мұрағаттары мен кітапханаларына экспедиция маршруты жоспары бойынша ғылыми-іздеу экспедициясын ұйымдастырды. Экспедициялардың негізгі мақсаты ел үшін тарихи-мәдени құндылығы бар сирек мұрағаттық құжаттар дерекқорын жасау үшін қолжазбалар мен құнды баспаларды анықтау, көшіру болып табылады.

Қазақ ғылыми-зерттеу институты Орталық Азия және Қазақстан көшпенділерінің тарихы мен мәдениеты бойынша зерттеу мен талдау мақсатымен номадтар мәдени мұрасы мәселелері бойынша Париждегі Франция Ұлттық кітапханасы зерттелді.

Зерттеу барысында ежелгі малшылардың шаруашылық жүргізуі бойынша, халықтардың шаруашылық-мәдени салттары туралы, Орта Азия және Қазақстен шөлдері ерекшеліктері мен өсімдіктер және тағамдық ресурстары туралы, аймақтағы көршілес көшпенді тілдерінің өзара әсері мен қарым қатынастары туралы көптеген әдебиеттері табылған.

В.В. Гинсбург, Г.Ф. Дебец, М.Г. Левин, Н.Н. Чебоксаров еңбектеріндегі қазақ антропологиялық типінің пайда болу сұрақтары толығымен ашылған қазақтар және Орта Азия халықтарының антропологиялық ерекшелігтері туралы әдебиет табылды.

Жалпы Париждегі Француз Ұлттық кітапханада тарих пен Орта Азия көшпенді халықтары этнологиясы бойынша шамамен 300 еңбек атаулары табыған.

ҚР Ұлттық кітапханасы мамандары Ватиканның Құпиялы мұрағаттарындағы жұмыстарын жалғастырды. 2006 жылғы экспедицияның негізгі мақсаты дала патшалары мен Ватикан Папаларының дипломатиялық жазбаларын анықтау болды. Сонымен қатар Ватикан Апостолдық кітапханасында,Рим Ұлттық орталық кітапханасында, Францияның Ұлттық кітапханасында жұмыс жүргізілді.

Экспедиция барысында табылған маңызды құжаттардың арасында – Гуйюк ханның IV Иннокентийге (1244 ж.), Абағы ханның IV Клементийге (1268 ж.),  Арғын ханның IV Николайға (1290 ж.) және басқа татар-моңғол шапқыншылығы тарихы бойынша алғаш дерек көздері.

М. Маштоца-Матенадаран атындағы ғылыми-зерттеу институтына, Арменияның Хыпчахаванкт монастырі(Харич қ. Қыпшақ монастырі) мұрағатына және Ұлттық мұрағатқа экспедиция барысында мамандар XIV-XV ғғ. қайталанбас қыпшақ қолжазбаларын тапқан: «Тарихи Надири» (1700 ж.), «Галамарин Габбаси» (1616 ж.) және т.б.

ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің ғылыми-зерттеу мекемелері ұлттық мәдениет үшін ерекше маңызы бар қайталанбайтын тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерді қолданбалы, ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастырды.

Сөйтіп, Қазақстанның Орталық Мемлекеттік мұражайы Қазақстанның ежелгі және заманауи тұрғындарының антропологиялық зерттеулері негізінде соңғы 40 ғасыр бойғы Қазақстанның ежелгі тұрғындары мен қазіргі қазақтер арасындағы үздіксіз антропологиялық дамуы мен қабілеттігі бойынша «Қазақ халқының тарихи антропологиясы» монографиясының шығарылымы бойынша жұмыс бастады.

Сонымен қатар мұражай үш томдық «Қазақтардағы этнографиялық атаулар, категориялар және түсініктердің дәстүрлі жүйесі» тарихи-этнографилялық сөздік құрастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл сөздікте қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің көшпенді ортада адам, қоғам мен табиғаттың себеп-салдық байланыстарының өзіне тән көпбағыттылығы мен көпдеңгейлігін көрсететін категориялық-түсініктік негізі байқалады.

Мәдени саясат пен өнертану Республикалық ғылыми-зерттеу институты «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы» ғылыми еңбектер жинағын шығару бойынша жұмысын жалғастырды. Жинаққа «Жетісу қазақтарының жерлеу кезіндегі негізгі ырымдар ерекшеліктері», «XIX ғасыр ортасында қазақта мал шаруашылық мекендеріндегі мәдени-тарихи жаңашылдықтар» және т.б.

 

Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің дерекқорын жасау


Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша ескерткіштер Жиынын шығаруға дайындық бойынша жұмыстар жалғасуда және Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстары археологиялық, тарихи, сәулет, құрылыстық ескерткіштер мен монументалды өнерді зерттеу басталды.

Алматы облысында 600-ден астам археологиялық объектілер зерттелдыі, олардың фотофиксациясы, GPS-ке енгізілді өткізілді. Ерте темір және ерте ортағасырлық дәуірлерге жататын қорымдар, қалашықтар, елді тұрғын орындар анықталды. Діни ғимараттар, еске алу қоршаулары, көптеген жарға салынған өнер ескерткіштері табылды.

Қызылорда облысында Арал және Қазалы аудандарының шөлді аймақтарындағы барлау жұмыстары негізінде 12 объект анықталды - неолит дәуіріндегі тұрақ, I-IX ғғ. мешіті, мазарлары және қалашық қалдықтары, ортағасырлық ғибадатханалар, қорғандар. Жалағаш ауданында табылғаны 28 ескерткіш - антика заманындағы тұрақ, мұнаралар, мазарлар, ғибадатханалар.

Солтүстік қазақстан облысында 200-ден астам ескерткіштер анықталған: тас, қола, темір дәуірлері мен ортағасырларға жататын тұрақтар, қорғандар. Олардың сипаттамалары мен графикалық фиксациясы өткізілді.

Ескерткіштер туралы деректер жинағы жүргізілді, аңдатпалау тізімі құрылды, ескерткіштер фотофиксациямен, архитектурно-схематикалық өлшеулермен шынайы қарастырылды. Жыл бойы тарихи-мұрағаттық,  библиографиялық, археология-сәулеттік, топографиялық ізденістер жүргізілді. Мемлекеттік Жиындарға кіретін ескерткіштердің барлық түрлері бойынша ағдатпалар құрылды.

2005 жылы басталған қолда бар Қазақстан тарихы мен мәдениеті ескерткіштер тізімін қарастыру мен нақтылау, әлемдік, республикалық және жергілікті тарих пен мәдениет үшін маңызды ескерткіштердің Мемлекеттік тізімі баспасы үшін материалдар дайындау бойынша жұмыс жалғастырылған. Әлемдік, республикалық және жергілікті тарих пен мәдениет үшін маңызды ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне қосылатын объектілер туралы анықтама деректер дайындалған. Есептік құжаттар мен географиялық байланыстардың бастапқы деректері нақтыланған, толықтырылған, Мемлекеттік Жиынға қосылатын барлық ескерткіш түрлері бойынша аңдатпалар құрылған. Тарихи-мұрағаттық, библиографиялық, археология-сәулеттік, топографиялық іздестірулер өткізілді.

ЮНЕСКО Бастапқы тізіміне кіретін мәдени және аралас мұра объектілері мен күзету зоналары территориясы шекарасын анықтау және сол Тізімдегі Әлемдік мұра объектілері дерекөорын құру бойынша жұмыстар аяқталды.

Осы уақыт аралығында Отырар оазисіндегі тарихи және мәдени объектілердегі мәдени және аралас мұралар объектілері территориясының шекарасын анықтау бойынша жұмыстар өткізілдген болатын: графикалық материалдар дайындалып, территорияны күзету зоналары нақтыланды. Потенциалды Әлемдік мұра объектілердің интерактивті дерекқор бағдарламасы жасалды.

Ұлттық және әлемдік ой, мәдениет және әдебиет кітаптар қатарын шығару 

Ұлттық және әлемдік ой, мәдениет және әдебиет кітаптар қатарын құру мен шығару жүйелік жұмыстары жалғастырылды.

2006 жылы кітаптардың 132 түрі шығарылды: «Бабалар сөзі», «История казахской литературы», «Қазақ музыкасының антологиясы» қатарының барлық 5 түрі, «Әлемдік әдебиет кітапханасы» қатарының 34 томы, «Әлемдік философиялық мұра» қатарының 11 томы, «Әлемдік мәдениеттанушылық ой» және «Қазақтардың ежелгі құқық әлемі» қатарлары 5 томнан.

Завершена работа по изданию серии «История Казахстана в произведениях античных авторов»в 2-х томах(на русском языке). Издана книга-альбом на русском языке «Археология Казахстана».Издан  двухтомник «Казахские народные обычаи и традиции» из серии «Этнография и антропология» и др.

Кроме  того, был организован  ряд международных и республиканских мероприятий, посвященных проблемам историко-культурного наследия страны.

Солай, Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейге көтеру мақсатымен 2006 жылдың 19 сәуірінде Париж қаласындағы ЮНЕСКО Штаб-квартирасында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаның презентациясы өткізілді. Оның негізгі мақсаты қазақ ұлттық мәдениеттің қайталанбастығын көрсету, рухани және білім салаларындағы даму, елдің мәдени мұрасын сақтауда және оларды ұқыпты пайдалануда үлкен жетістіктерге жету болып табылады.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Әлеуметтік Кеңес әрекеттері

 

2006 жылдың 22 маусымында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы ғимаратында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Әлеуметтік Кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Онда Бағдарламаны орындау барысы талқыланып, ұлттық тарихтың тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерін қалпына келтіру бойынша, ұлттық және әлемдік ғылыми ой, мәдениет пен әдебиет баспалары қатарын құру бойынша реомендациялар берілді.