Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру бойынша Әлеуметтік Кеңес ісккерлігі

"Сарман Қожа" мұнарасы   (XI ғасыр)

2004 жылға Кеңестің қызметі

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы

Астана қаласы,

№01 -7.2   2007 жылғы 13 ақпан

 

Н.Ә. Назарбаев төрағалық етті.

Кеңес мүшелелері: М. Қ. Әбусейітова, М. М. Әуезов, Б. Аяған, К. М. Байпақов, Р. А. Бердіғалиева, С. А. Қасқабасов, А. Қ. Мұсаходжаева, З. С. Самашев, А. С. Сейдімбек, Қ. Сұлтанов, Ә. Тарази қатысты.

Шақырылғандар (тізім бойынша)

 

Күн тәртібі:

2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы туралы

 

___________________________________________________________________________________

(Назарбаев, Байпақов, Самашев, Әбусейітова, Қасқабасов, Әуезов, Сейдімбек, Сұлтанов, Тарази, Аяған, Бердіғалиева, Мұсаходжаева)

 

1. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының табысы іске асырылғаны атап көрсетілсін.

2. Мәдениет және ақпарат  министрлігіне:

республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көзделе отырып, 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» салалық бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

аталған бағдарлама шеіберінде шығарылатын кітаптардың таралымын көбейту, сондай-ақ олардың қалын оқырманға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қарастыру;

көркем әдебиетті, кинематография, баспа мен телевидение мүмкіндіктерін пайдалану, мұражай экспозициялары мен көрмелер ұйымдастыру арқылы қалың жұршылықтың тарихи-мәдени мұраларға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

Қазақстанның тарихи және мәдениет ескерткіштерінің қолда бар мемлекеттік тізімдеріне оларды алда қайта қарау мақсатында талдау жүргізу;

Қазақстанның тарихи және мәдениет ескерткіштері туралы дестелік деректі фильмдер жасау;

тұсаукесер рәсімдері мен көрмелер ұйымдастыру, мәдениет күндерін өткізу арқылы Қазақстанның оң имиджін қалптастыру мақсатында елдің тарихи және мәдени мұрасын шет елдерде белсенді насихаттау;

Ұлттық академиялық кітапхананың базасында Астана қаласында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шыққан басылымдары қамтитын электрондық кітапхана құру мүмкіндігін қарастыру және Интернет арқылы электрондық кітапхананың мәліметтер базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.

3. Туризм және спорт министрлігі Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министрліктерімен бірлесе отырып, туризмді дамыту мақсатында магистралды көлік жолдарында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және барынша пайдалану мәселесін пысықтасын. Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қазақстандық және халықаралық туристік бағыттар жүйесіне енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Білім және ғылым министрлігі:

Жоғары оқу орындары студенттерінің әлеуетін пайдалана отырып, еліміздің барлық өңірлерінің мәдени-тарихи дамуы туралы ақпараттардың жаңа легін жинап, зерделеуді қамтамасыз етсін;

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша жаңа және жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары мектептің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізсін.

5. Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым министрліктері:

Мемлекеттік тілде шығарылатын әлемдік классикалық әдебиетінің шығармалары аудармаларының сапасына бақылауды ұамтамасын етсін;

Қазақстан халқының мәдени мұрасы ғылыми-зерттеу институтын ашудың орындылығын қарастырсын.

6. Астана, Алматы қалаларының және облыстардық әкімдері, уәкілетті органдар:

2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» өңірлік салалық бағдарламаларын әзірлеп, қабылдасын және іске асырсын;

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етсін.

7. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес жоғарында көрсетілген міндеттерді орындау жөніндегі қызметті үйлестіруді жалғастырсын.

8. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөліміне жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті

Н. Ә. Назарбаев